Балалар жол қозғалысына қатысушылардың ең осал топтарының бірі. Сондықтан олардың жол ережесін білуі аса маңызды. Ата-ана баласына жолды қай жерден және қалай кесіп өту керегін түсіндіруі қажет. Мектепке барар және қайтар жолды алдын ала бірге пысықтаған дұрыс. Жүргізушілер мектептер мен балабақшалар маңында аса сақ болуы тиіс. Баланың жолға кенеттен шығып кетуі мүмкін екенін ескерген жөн. Жолдағы тәртіпті үйрету күнделікті әдетке айналуы қажет. Баланың қауіпсіздігі – ересектердің ортақ міндеті.
Ерзат АСЫЛ
