Перейти к содержимому
Басты бет / Денсаулық / Облыста қызылша дерті дендеп тұр

Облыста қызылша дерті дендеп тұр

23 қаралым

Аталған дертті жұқтырған аймақ тұрғындарының 87 пайызы бұрын қызылшаға қарсы екпе алмағандар. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметі алаңында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Саулет Капсаламова баяндады.

Спикердің айтуынша, Қарасай, Еңбекшіқазақ, Талғар, Іле аудандарында қызылша жұқтырғандар көрсеткіші жоғары. 14 наурыздан 27 желтоқсанға дейінгі аралықта 4 212 адам вирус жұқтырған. Оның ішінде 1850-і 14 жасқа дейінгі балалар, 1611-і 5 жасқа дейінгі балалар.

“Ауа-тамшылы жолмен тарайтын жұқпалы вирустан сақтанудың ең тиімді жолы – екпе алу. Өңірімізде егу шаралары қараша айының 21-нен қазіргі күнге дейін жалғасып келеді. Қазіргі таңда екпе арқылы иммунитетін күшейткендер саны 64 527-ге жетті,” – дейді Сәулет Қапсаламова.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі Астана қаласы мен Шығыс Қазақстан облысында қызылша індетінен екі бала көз жұмғанын хабарлаған. Денсаулық сақтау министрінің орынбасары — Бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетованың айтуынша, қызылшадан көз жұмған балалар — бір жасқа толмаған және қызылшаға қарсы екпе алу жасына жетпеген.

↑