Перейти к содержимому

Жастар белсенділігі жоғары

35 қаралым

Кеген аудандық «Жасыл ел» еңбек жасағының жастары тазалық жұмысына үлес қосты. Негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру және жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Тазалық жұмысы барысында жасақ мүшелері белсенділік танытып, айналаны қоқыстан тазарту, аумақты ретке келтіру және қоршаған ортаның көркеюіне үлес қосу бағытында еңбек етті. Жастардың бірлесе атқарған жұмысы – туған жерге деген жанашырлықтың, жауапкершілік пен ұйымшылдықтың айқын көрінісі.
«Жасыл ел» – еңбек жасағы ғана емес, сонымен қатар жастарды еңбекқорлыққа, табиғатты аялауға және қоғамға пайдалы іс жасауға үндейтін игі бастама негізін қалаушылары. Осындай жұмыстар арқылы жас буын туған өлкенің тазалығына бейжай қарамай, оның гүлденуіне өз үлестерін қосудың маңыздылығын көрсетіп келеді.
Таза ауыл – таза болашақ! Туған жеріміздің көркеюі әрқайсымыздың қолымызда. Табиғатты аялап, тазалықты сақтап, қоршаған ортаға қамқорлық таныту – баршамызға ортақ міндет!

Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ
Кеген ауданы

↑