Қоғамдық тәртіптің сақталуы – тұрғындардың тыныштығы мен жайлы өмір сүруінің басты шарттарының бірі. Адамдар көшеде еркін жүріп, балалар алаңында алаңсыз ойнап, қоғамдық орындарда өзін қауіпсіз сезінуі керек. Мұндай орта қалыптастыру үшін заң талаптарын сақтау және құқық бұзушылыққа жол бермеу маңызды.
Құқық қорғау органдарының жұмысы қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталғанымен, тұрғындардың белсенділігі де ерекше рөл атқарады. Қоғамдық орындарда тәртіп бұзу, өзгенің тыныштығын бұзу немесе қауіпті әрекеттерге бару айналадағы адамдардың қауіпсіздігіне әсер етеді.
Сондықтан әр азамат қоғамдық ортада өзін жауапкершілікпен ұстауы қажет. Өзара сыйластық пен заңға құрмет орныққан жерде қауіпсіздік те нығая түседі.
Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

