Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Мүлікті қорғау – өзіңнен басталады

Мүлікті қорғау – өзіңнен басталады

23 қаралым

Жеке мүлікті қорғау – әр азаматтың күнделікті өміріндегі маңызды міндеттердің бірі. Үй, көлік, телефон және басқа да бағалы заттар ұрлық пен алаяқтықтың нысанасына айналуы мүмкін. Сондықтан қауіпсіздік шараларын алдын ала қабылдау артық болмайды.
Үйден шығарда есік-терезені тексеру, көлікті қауіпсіз жерге қою, бағалы заттарды қараусыз қалдырмау – қарапайым болғанымен, тиімді әдеттер. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде үйде жоқ екеніңді немесе қымбат мүлік сатып алғаныңды жариялау да белгілі бір қауіп тудыруы мүмкін.
Мүліктік құқық бұзушылықтың алдын алу үшін тұрғындар сақтық танытып қана қоймай, күмәнді жағдайларға да назар аударуы қажет. Қауіпсіздікке бейжай қарамау мүлікті сақтауға және құқық бұзушылықтың алдын алуға көмектеседі.

Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

↑