Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Интернет-алаяқтық: сақтық – сенімді қорғаныс

Интернет-алаяқтық: сақтық – сенімді қорғаныс

21 қаралым

Цифрлық технологиялар өмірді жеңілдеткенімен, интернет арқылы жасалатын алаяқтықтың да түрлі тәсілдері пайда болды. Жалған хабарламалар, күмәнді сілтемелер, жалған интернет-дүкендер мен тиімді ұсыныстар арқылы азаматтардың ақшасын иемденуге әрекет жасалады.
Алаяқтар көбіне адамның сеніміне кіріп, асығыс шешім қабылдатуға тырысады. Олар банк қызметкері, мемлекеттік орган өкілі немесе таныс адам ретінде хабарласуы мүмкін. Мұндай жағдайда SMS-кодтарды, банк картасының деректерін және құпиясөздерді ешкімге бермеу қажет. Күмәнді сілтемелерді ашпай, ақпаратты ресми арналар арқылы тексерген дұрыс.
Егер алаяқтыққа тап болсаңыз, банкке дереу хабарласып, қажет болған жағдайда полицияға арыздану керек. Интернеттегі қауіптен қорғанудың негізгі жолы – ақпаратты тексеру және жеке деректерді қорғау.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

↑