Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Елдіктің айбыны, бірліктің нышаны

Елдіктің айбыны, бірліктің нышаны

45 қаралым

Республика күніне орай Еңбекшіқазақ ауданының орталығы Есік қаласында Мем¬лекеттік Ту көтеру рәсімі өтті.

Т.Молдағалиев атындағы Мәдениет үйінің маңына жиналған аудан тұрғындары елдік пен ерліктің еңселі нышаны – еліміздің көк Туын биікке көтеріп, Әнұранды қалықтата шырқады.
«Баршаңызды ұлттық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын. 1990 жылғы 25 қазанда «Мемлекеттік егемендік туралы» декларация қабылданып, еліміздің тәуелсіздігіне жол ашылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бұл күнге ұлттық мереке мәртебесінің қайтарылуы оның халқымыз үшін маңызын айқындай түсті. Еңбекшіқазақ – түрлі этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, бірге еңбек етіп келе жатқан үлкен аудан. Әрдайым осылай бір тудың астында бірігіп, татулығымыз бен бірлігіміз жарасып, елдің өркендеп-өсуіне атсалысайық», – деген аудан әкімі Рустам Исатаев жиналған көпшілікті елдігімізді айқындап, тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін ұлық мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.


Бір Тудың астында бірігіп, бір мақсат-мүддеге бірге талпынған этнос өкілдері де мемлекеттік мерекенің мазмұнын арттыруға атсалысып, аудандағы этно-мәдени бірлестіктердің мүшелері де жиналды. Татулықты, бере¬ке мен бірлікті биік қойған біртұтас ел ретінде осы маңызды күнді бірге атап өтті. Қолдағы жалауларын желбірете мерекеге жиналған көпшілік патриоттық әндерді бірге шырқады.

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ
Еңбекшіқазақ ауданы

↑