Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Танымдық жарыс Республика күніне арналды

Танымдық жарыс Республика күніне арналды

47 қаралым

25 қазан – Республика күніне орай Кеген ауданы Шырғанақ ауылындағы Іңкәрбек Жұмағұлов атындағы орта мектебінде бастауыш сынып оқушылары арасында «Республикам Қазақстан, бәрін білгім келеді!» тақырыбында танымдық топтық жарыс өтті.
Жарыстың мақсаты – жас ұрпақтың туған еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, Қазақстан Республикасының тарихы мен мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін кеңейту, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
– Тәуелсіз еліміз – Қазақстан! Мақтанышымыз – туған жер. Болашағымыз – білімді ұрпақ! –деп ұран тастаған оқушылар білім мен ғылымның маңызын насихаттады.


Жарыс барысында оқушылар өз білімдерін ортаға салып, тапқырлықтары мен зеректіктерін көрсетті. Топтар бірлік пен ұйымшылдық танытып, қызықты тапсырмаларға белсене қатысты.
Осындай танымдық сайыстар жас ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарды дәріптеп, елжандылық қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етеді.

Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ
Кеген ауданы

↑