Алматы облысының Талғар ауданында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 5 700 орынды 7 мектеп салынды. Нәтижесінде 5 мектептегі үшауысымды оқыту мәселесі және 2 мектептегі оқушы орнының тапшылығы шешілді. Қазіргі таңда үшауысымда оқитын бір білім ошағы ғана қалды. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Жібек Жолы ауылы мен Талғар қаласындағы мектептер күрделі жөндеуден өтті.
Бүгінде «Атлетико де Мадрид Қазақстан» футбол академиясында 10 000 көрерменге арналған үлкен стадион салу көзделіп отыр. Сонымен қатар Талғар қаласында халықаралық деңгейдегі балалар футбол академиясының құрылысы жүргізілуде. Нысан 2027 жылдың бірінші жартыжылдығында пайдалануға беріледі.
Суретті түсірген – Аслан ҚАЖЕКЕ
Гүлзат БАЙҚОНЫС
Талғар ауданы

