Цифрлық қызметтердің көбеюімен бірге интернеттегі алаяқтық пен жеке деректердің таралу қаупі де артып келеді. Сондықтан азаматтар банк картасының мәліметтерін, құпиясөздерін және SMS-кодтарын бөгде адамдарға бермеуі қажет. Сонымен қатар күмәнді сілтемелерден сақтанып, тек ресми цифрлық платформаларды пайдаланған жөн. Киберқауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру – цифрлық қоғамның тұрақты дамуының маңызды шарты.
Ерзат АСЫЛ

