-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Әлеуметтік кодекстің мәні

    08.02.2024
    in Барлық жаңалықтар
    Әлеуметтік кодекстің мәні

    Фото: egemen.kz

    0
    SHARES
    191
    VIEWS

    Қазақстан Республикасының жаңа Әлеуметтік кодексі бұрынғы одақтас елдер аумағында практикаға енгізілген алғашқы тұтас әлеуметтік құжат болып есептеледі. Кодекс негізінен, ауыртпалықтардың себеп-салдарын жоюмен бірге өмірлік қиын жағдайлардың алдын алуға бағытталған.

    Біз үшін Әлеуметтік кодекс шеңберінде енгізілген отбасының цифрлық картасы электрондық хабарлама ретінде қызмет атқарады. Онда мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін немесе жиынтығын ұсыну қажеттігі туралы хабар беріледі. Сонымен қатар, цифрлық карта мемлекеттік қолдаудың мониторингін жүзеге асыруға, мұқтаж адамдарды анықтауға жол ашады. Осылайша, отбасылардың әлеуметтік портретін құруға және отбасының материалдық жағдайын, оның әлеуметтік мәртебесін, табысын, өмір сүру деңгейі мен әл-ауқатын анықтауға мүмкіндік туады.
    Әлеуметтік кодекс шеңберіндегі шаралардың келесі оң әсері – 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакетті монетизациялауды енгізу. Қазір оларға 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай төлем жасалуда. Бұл атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға азық-түлік жиынтығын өз бетінше сатып алуға мүмкіндік береді. 2023 жылы Алматы облысында бұл шара әлеуметтік көмек алатын 17313 балаға (1 жастан 6 жасқа дейін) төленді. Сондай-ақ Кодексте әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін трансформациялау көзделген. Әлеуметтік қызметке мұқтаж адамның жұмыссыз отбасы мүшелері тартылады. Отбасы мүшелеріне жеке көмекші ретінде рәсімдеу мүмкіндігі беріледі (қызметтерге мұқтаж белсенді азаматтар үшін), олардың еңбегі төленеді. Осылайша, жұмыспен қамтылмаған отбасы мүшелері еңбекке қабілетті азаматтардың санатын толықтырады және ықтимал тәуекелдер туындаған кезде әлеуметтік жағынан қорғалады.

    Бүгінде сапасыз тауар (жөргектер, сүйенетін таяқ құралдары, арбалар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың басқа да бұйымдары) жеткізушілерге көңіл толмау, наразылық жағдайлары көбейгенін ескере отырып, әлеуметтік қызмет порталы жөнінде комиссия құрылған. Бұл көп мәселенің оң шешілуіне әсер етті. Қазір тауарлар мен қызметтерді жеткізушілерге байланысты, аталған порталға енгізуге қатысты арнайы комиссиялар құрылып, шағымдар қаралуда. Шағымдардың барлығы мұқият тексеріліп, жауапты мекемелер тарапынан бақылауда тұр.

    Халықты жұмыспен қамту орталықтарының трансформациясын да ерекше атап өткен жөн. Бұл жұмыс 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап жүргізілді. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын әзірлеу мен іске асыруды орталықтандыру мақсатында Еңбек мобильділігі орталығы құрылды. Филиал түріндегі Еңбек мобильділігі жанынан Мансап орталықтары жұмыс істейді. Әрине, бұл бағытта кемшіліктер де жоқ емес. Еңбек мобильділігі орталығының штаттық құрамын қалыптастыру, бюджет қаражатын орталықтандыру тұрғысында көп шаруа бар. Алайда қазір алғашқы кезеңге қарағанда жұмыс жолға қойылды. Қазір бұл орталық жұмыспен қамту шараларын, еңбек нарығындағы қажеттіліктерді талдайды. Нәтижесінде, жұмыспен қамту шараларын тиімді ұйымдастыруға зор мүмкіндіктер туады.

    Әлеуметтік кодекс шеңберінде арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін жаңғырту бойынша жұмыс жүргізіледі. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің жан басына шаққандағы нормативін енгізу жоспарлануда. Оның мөлшері қызметтерге арналған жеке норматив және баға лимиті түрінде жіктеледі. Сондай-ақ, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдар тіркеліп, арнаулы қызметші мамандардың тізімі жасақталатын болады. Бұл бастама тиімді мониторинг жүргізуге және ұсынылатын әлеуметтік қызметтер сапасындағы өзгерістерге жедел ден қоюға мүмкіндік береді. Осылайша, қабылданған Әлеуметтік кодекс әділ әлеуметтік саясатты табысты іске асыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі болып саналады.

    Айгүл Ахметова,
    Алматы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы

    Ұсынымдар

    Ақынды ардақтаған кәсіпкер

    Ақынды ардақтаған кәсіпкер

    3 months ago
    Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2024 жылғы аудиторлық қызметінің негізгі қорытындылары

    Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2024 жылғы аудиторлық қызметінің негізгі қорытындылары

    1 month ago
    Балық аулағанда қауіпсіздік ережелерін сақтау керек – ТЖД

    Алматы облысында балық шаруашылығын дамытуға 5 ірі жоба іске асырылуда

    5 months ago
    Халықтық штаб ХҚКО ұжымымен кездесті

    Халықтық штаб ХҚКО ұжымымен кездесті

    7 months ago
    Кезбе иттермен күрес

    Кезбе иттермен күрес

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>