-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қамқор еді халқына

    08.02.2024
    in Барлық жаңалықтар, Идеология, Мемлекеттік қызмет, Президент, Саясат
    Қамқор еді халқына
    0
    SHARES
    43
    VIEWS

    Заңғар тұлға Заманбек Нұрқаділовтің 80 жылдығына орай өткен аста Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы хаты оқылды. Онда Мемлекет басшысы Зәкеңнің ел алдындағы еңбегін бағалай келіп, оған туған жерінде ескерткіш орнату, мектептің атын беру және өмірінің соңына дейін тұрған үйіне белгі қою керектігін жазған. Бұл қалың қазақтың талай жылдан бері аңсап, күтіп жүрген өткір мәселесі еді. Осындай бетбұрысы үшін Президентке бәріміз шын жүректен үлкен алғыс, рахмет айтамыз.
    Жақсы хабарды естіген сәтте Алматының Медеу ауданындағы «Думан» ықшамауданынан Заманбек Нұрқаділовтің жерді қалай бергені ойыма оралды. 1989 жылы маусым айының ортасы еді. Мен ол кезде Талғар ауданы «Қызылқайрат» ұжымшарының төрағасымын. Шұғыл аупарткомның бірінші хатшысы Попович Александр Георгиевичтің кеңсесіне шақырылдым. Барсам, менен басқа сол кездегі «Луч Востока», «Мичурин», «Калинин» ұжымшарының басшылары, әріптестерім Лев Серов, Серік Әлиев, Бақберген Шалабаев та келген екен. Бірінші хатшы бізге бірден: «Мына «Луч Востока» ұжымшарының Алматыдан Талғарға шығаберіс біраз жерін біреулер басып алып, қазықтарын қағып, палаткаларын тігіп, қоныстанып жатқан көрінеді. Соған орай Алматы қаласының басшысы Заманбек Нұрқаділов қазір бізге келеді. Сендер, ұжымшар басшылары, не айтасыңдар? Бұл қалай болады?» – деді.
    Кешікпей Заманбек Нұрқаділов кіріп келді. Залда отырған біздерді аупартком хатшысы А.Попович Зәкеңе таныстырып шықты. Кенеттен Зәкең: «Жігіттер, көпшілігің қазақ екенсіңдер, мына болып жатқан жағдайға қалай қарайсыңдар? Ұйғыр, Нарынқол, Кеген ауданынан, осы Талғардан, Алматы қаласынан үйсіз-күйсіз жүрген қазақтар «Луч Востока» ұжымшарының біраз жеріне қоныстанып жатыр. Өздерің бұған не дейсіңдер?» – деді. «Луч Востока» ұжымшарының басшысы: «Бұл жерге мал азығы, сүрлем, жүгері дақылы себіледі ғой», – деп уәж айтты. Ол жерді бергісі келмеді.
    Зәкеңнің көзі шетте отырған маған түсті. Содан мен орнымнан тұрып өзімді таныстырдым. Маған: «Сен Талғардың тумасы екенсің, не дейсің?» – деді. Талғар ауданында басшылардың көбісі ол кезде орыс ұлтынан, оның ішінде, қазақтардың өзі басқа өңірдің азаматтары еді. Зәкеңнің маған айтылған сөзі жігерлендіріп, намысымды қайрап жіберді. Мен бірден: «Ұжымшарларда жарғы бар, басқарма, ауылдың жалпы жиналысы бар, сол арқылы бұл мәселе шешіледі. Жер мәселесін «Луч Востока» ұжымшарының төрағасы Л.Серов өзі ғана немесе Талғар аупарткомның бірінші хатшысы жеке отырып шешпесі анық», – деп салдым. Сонда Серік Әлиев, Бақберген Шалабаев менің айтқанымды қолдады. Л.Серовтың мал азығын қайтемін деген уәж-сылтауына мен: «10 гектар көлеміндегі жеріңнің есесіне Қызылқайраттан сүрлем беремін», – дедім.
    Содан тарқасып, далаға шыққанда мен Зәкеңе тағы да: «Алматы облысында 35 ұжымшар бар. Оның облыстағы кеңесін Қазтай Ұлтарақов ағамыз басқарады. Сол кісіге де айтқаныңыз дұрыс еді», – дедім. Осылайша, бүгінде «Думан» шағынауданының үлкен елдімекен болуына, біртіндеп өсіп, Медеу ауданының құрамына кіруіне ұлтжанды азамат, мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің сіңірген еңбегі орасан. Сондықтан, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақсы бастамасын баршамыз болып қолдап, Зәкеңнің есімін «Думан» ықшамауданына немесе сол жердегі №172 мектеп-гимназияға беруді құп көрер едік. Бұл бастаманы ықшамаудан тұрғындары мен облыс, аудан жұртшылығы да қолдайды деп сенемін.

    Нұрсұлтан Сәрсеков,
    Талғар ауданының
    Құрметті азаматы

    Ұсынымдар

    Қарасай ауданында «Жайлы мектеп» жобасы бойынша 10 мектеп салынады

    Саяжай балаларына арналған

    8 months ago
    Соғыста жеңіс болмайды

    Майдангерлерге құрмет көрсетілді

    1 year ago
    Өз ісінің шебері

    Өз ісінің шебері

    3 months ago
    Дәрі-дәрмек. Көрнекі сурет

    Дәрі-дәрмекті өзіміз де өндіреміз

    2 years ago
    Оқушы қауіпсіздігінің кепілі

    Оқушы қауіпсіздігінің кепілі

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.