-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Тәрбие – тал бесіктен

    22.02.2024
    in Барлық жаңалықтар, Идеология, Мәдениет, Руханият
    Тәрбие – тал бесіктен

    Фото: kazgazeta.kz

    0
    SHARES
    14
    VIEWS

    Оқушылар мектептен жаратылыстану мен гуманитарлық бағыттағы ғылымдарды жан-жақты меңгеріп шығатыны шындық. Әр пән бойынша қорытынды баға қойылып, емтихандар тапсырып жатады. Алайда ана мен әке болудың жауапкершілігін үйренуі екіталай. Тіпті, отбасындағы жауапкершілікке байланысты арнайы пән де енгізілмеген. Мұның салдарынан қоғамда отбасылық құндылықтар әлсіреп, түрлі қиындықтар туындап жататыны жасырын емес.

    Осы аптада Бақанас ауылындағы Мәдениет үйінде облыс әкімдігінің қолдауымен және «Жанұя» отбасын қолдау орталығының ұйымдастыруымен ауқымды шара өтіп, онда әке-шеше, ата-әже, жақын туыстар арасындағы қарым-қатынас, жас ұрпақ тәрбиесі мен білімі жайында тағылымға толы ой айтылды. Сарапшылар балаларды тәрбиелеу мәселесінде психологиялық қолдау көрсетудің тиімді әдістерін көрсетті, мотивация туралы әңгімеледі, баламен ымарада қарым-қатынас жасаудың жолдары үйретілді.
    «Жанұя» отбасын қолдау орталығының «Ата-ана университеті» жобасы аясында өткен шараға тәжірибелі сарапшылар, психолог-мамандар шақырылды. Аталған орталықтың ғылыми жетекшісі, Қазақ психологиялық қоғамының вице-президенті Ақмарал Дәулетова, педагог-психолог Жанар Тұрниязова ата-ана ролін арттыруға және балалар арасындағы әлеуметтік проблемалардың алдын алуға бағытталған шеберлік сабақтарын өткізді. Сондай-ақ, зорлық-зомбылық, суицид сияқты жастар арасындағы өзекті мәселелер де қозғалып, жарқын болашақ, бақытты балалық шақ, алаңсыз сапалы білім алу, тәлім-тәрбие жайы әңгіме өзегіне айналды. Кездесуде әрбір шаңырақтың материалдық мүмкіндіктері, отбасы мүшелерінің білім деңгейі, балалармен өткізе алатын тиімді уақыт сияқты ауқымды да нәзік тақырыптар көтерілді.

    Жиынлда өткен жылдың ортасында іске қосылған «Ата-ана университеті» цифрлық платформасы таныстырылды. Электронды жобада аналар мен әкелер тест тапсырып, бала тәрбиесіне қатысты бейнесабақтарды тауып, кәсіби психологтардан кеңес ала алады. Мұндай онлайн-университет бұрын болмаған. Мұнда ата-ана бала тәрбиесі жайлы сырттай оқытудан өтуіне мүмкіндік зор.
    – Порталда балалармен қалай жұмыс істеу керектігі туралы екі тілде бейнесабақтар мен практикалық материалдар орналастырылған, – дейді «Жанұя» отбасын қолдау орталығының директоры Айгүл Есімбекова. – Сондай-ақ, қандай ата-ана екеніңізді, педагогикалық біліміңіз бен дағдыларыңызды тексеруге болатын тест бар. Портал өзіңіздің де, балаңыздың да агрессиясын қалай жоюға болатынын, қарым-қатынаста не нәрсеге көңіл бөлу керектігін түсіндіреді. Ең бастысы, мұнда кері байланыс бар, мессенджерлер арқылы психологқа хабарласып, сұрақтар қоясыз.

    Аталған жаңа жобаның әлеуеті зор. Себебі, авторлар «Қазақ психологиялық қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігімен ынтымақтастықта жұмыс істейді. Курстар мен дәріс авторларының арасында ғылым докторлары, магистрлер, профессорлар бар. Сайттан ұзақтығы 20 минуттан аспайтын сауалнамалар, киноклуб, бейнедәріс түрлерін таба аласыз. Алған білім бойынша практикалық сабақтар да өткізіледі.

    Жиында ұсыныс-кеңестен бөлек, ата-аналарға университет порталын ыңғайлы пайдалану үшін QR-код берілді. Электронды көмекші құрал ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты жандандырып, жас ұрпақ тәрбиесін түзеуге көп көмек көрсетеді.

    Ұсынымдар

    Елімізде астық жинау науқаны басталды

    Елімізде астық жинау науқаны басталды

    2 years ago
    Қазақтың келіндері-ай!

    Қазақтың келіндері-ай!

    5 months ago
    Әлеуметтік әмиян: 703 мыңнан астам оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды

    Әлеуметтік әмиян: 703 мыңнан астам оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды

    6 months ago
    Шерлі шежіре

    Шерлі шежіре

    1 year ago
    Асылдың сынығын аналар күнімен құттықтады

    Асылдың сынығын аналар күнімен құттықтады

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>