☀️
24°C
Қонаев
Жұма, Сәуір 3, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Қиындықты ел болып еңсереміз

    07.04.2024
    in Барлық жаңалықтар, Төтенше жағдай
    Қиындықты ел болып еңсереміз
    0
    SHARES
    60
    VIEWS

    Арада 80 жыл өткеннен кейін болып жатқан су тасқыны, техногендік апат екенін көріп отырмыз. Күннің күрт жылынуы мен бірнеше күн жауған жаңбырдан кейін, қыс бойы жауған қалың қасат қар, тез арада еріп ерік бермей, су қоймаларын толтыра асып, тоспа бөгеттерді бұзып, өзендер арнасынан шығып, жойқын су бірнеше облыста елдімекендерді басып қалды. Инфрақұрылым, жол, көпірлер, көптеген шаруашылықтардың қора-жайлары, малдары қарғын су құрбаны болуда. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев халықты тыныштық сақтап, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, жұмылған жұдырықтай болып, ел болып күрессек бұл сынақтан да сүрінбей өтетінімізге сенімді екенін, су апатынан келген барлық шығынды өңірлерде құрылған комиссия анықтағаннан кейін толық төленетінін, ешбір адам ұмыт қалмайтынын қадап айтты. Қазіргі таңда Үкімет басшысы, министрлер, парламент депутаттары, мемлекеттік мекеме, ведомство басшылары мен әскери құрылымдар, 20 мыңнан астам еріктілер, бүкіл халық болып апатпен күресуде. Халқымыз небір нәубетті бастан кешіріп, оны жеңе білген, “бір қиындық артынан бір жақсылық болады” демекші, бұны да жеңетінімізге, әлі-ақ ауыртпалық артта қалып, бәрі қалпына келіп, еліміздің келешегі кемел болатынына сенімдіміз!

    Тынышбай Досымбеков,
    Алматы облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі,
    Алматы облысының Құрметті азаматы

    Соңғы жаңалықтар

    Дала төсі дүбірлі
    03.04.2026
    Шаһарды аралады
    03.04.2026
    Белсенділер марапатталды
    03.04.2026
    Бір отбасы үйлі болды
    03.04.2026
    Ауыл арасын жалғаған
    03.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>