-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жапон соғысының жауынгері

    10.05.2024
    in Барлық жаңалықтар, Идеология, Мәдениет, Мереке, Өңір тынысы, Тарих
    Федор Мельянович Ковалев
    0
    SHARES
    33
    VIEWS

    Ұлы Отан соғысына Жамбыл ауданынан 5804 адам аттанып, оның 2330-ы ғана елге аман қайтқан екен. Ал 2711 боздақ майдан даласында қаза тауып, тағы 700-ден астамы хабар-ошарсыз кеткен. Сол қанқұйлы соғысқа қатысқандардан бұл ауданда бүгінде арамызда бір ғана майдангер қалды. Ол – Ұзынағаш ауылының тұрғыны Федор Ковалев.

    Федор Ковалев әскерге 17 жасында алыныпты. Ол 1927 жылдың 11 қарашасында Белоруссияның Могилев облысы Климлев ауданы Орловка селосында дүниеге келген. 1941 жылы Орлов бастауыш мектебін бітіріп, 1942 жылы «Красный Белорусь» колхозында әр түрлі жұмысшы болып еңбек етеді. 1944 жылдың қазанында әскерге алынып, No34070 әскери бөлімінде екі айлық дайындық курсынан өтеді. 1945 жылдың мамырында фашистік Германия тізе бүккенімен, жаһандық соғыс әлі аяқталмаған еді.

    Федор Мельянович тамыз айында кеңес-жапон соғысына қатысады. Жапондармен соғыста взвод командирінің көмекшісі бола жүріп, Отан үшін жан аямай соғысады. Әркез шабуылға шығар алдында жауынгерлерге рух беріп, жігерлендіріп отырады. Командирдің оң қолы екенмін деп өзін жауынгерлерден артық санамапты, ұрысқа бірінші болып алдымен ұмтылыпты. Сондай кездері қайсар Федор бомбалаудың астында бірнеше мәрте қалып қояды. Алайда көрер жарығы, татар дәмі алда әлі көп екен, қара жердің түте-түтесін шығаратын бомбалаудан жеңіл жарақатпен аман-сау шығып жүреді. Майдандағы ержүректігі үшін кеудесіне орден-медаль тағылады.

    Соғыс аяқталғанымен, оны әскерден бірден босата қоймапты. Туған селосы Орловкаға әскерден 1951 жылдың маусым айында ғана оралады. Соғыс өрті шалған деревнясын қалпына келтіруге бел шешіп кіріседі. 1951-1952 жылдары Кузнецев ауданындағы Прокофьев училищесінде комбайншы курсын оқып бітіріп, ауыл шаруашылығын дамытуға үлес қосады. Таңның атысы, күннің батысы трактордан түспей егістік басында еселей еңбек етеді.

    Қонақжай қазақ елінің Жетісу өңіріндегі Ұзынағаш ауылына 1969 жылы көшіп келеді. Содан бастап зейнетке шыққанға дейін ұзақ жыл аудандық техника жөндеу стансасында слесарь-электрмен дәнекерлеуші болып еселі еңбек етеді. Өз ісін жетік меңгерген шебер маман ауыл шаруашылығы техникаларын жөндеу жұмысындағы жоғары жетістіктері үшін атақ-абырой мен сый-құрметке бөленеді. Үнемі Құрмет грамоталарын алып, бағалы сыйлықтармен марапатталып жүреді. Ауыл шаруашылығы
    текникаларының білгірі белгісін иеленіп, 1973 жылы социалистік жарыс жеңімпазы атанады.

    Жұмыстағы әріптестері оны Федя ағай деп атапты. Көршілер арасында сыйлы, көмек сұрап келген барлық адамға қолынан келген жәрдемін аямапты. 1987 жылы зейнетке шыққаннан кейін де қол қусырып қарап отырмай, балаларына барынша көмектескен. Үш бала тәрбиелеп өсіріп, бүгінде олардан ондаған немере-шөбере сүйіп отыр. Федор Ковалев ІІ-дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденімен, «Жуков» медалімен, Жеңістің 20, 40, 55, 70, 75 жылдығы мерейтойлық медальдарымен, «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған. Жамбыл ауданының Құрметті азаматы.

    Серік Сатыбалдиев,
    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Қапшағай су қоймасында бес адам құтқарылды

    Қапшағай су қоймасында бес адам құтқарылды

    2 years ago
    Мектеп кітапханасына 100 кітап табысталды

    Мектеп кітапханасына 100 кітап табысталды

    2 years ago
    Ерлік шежіресі

    Ерлік шежіресі

    3 weeks ago
    Жаңа ХҚКО бой көтеруде

    Жаңа ХҚКО бой көтеруде

    10 months ago
    Өңірдің өз телеарнасы бар

    Өңірдің өз телеарнасы бар

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>