-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Білім-ғылым

    Кітапхана мақтанышы – оқырман

    14.06.2024
    in Білім-ғылым
    Кітапхана мақтанышы – оқырман
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

    Кемеңгер жазушы Әбіш Кекілбаев: «Мен кітапханаларды ақыл-білім, адамгершілік, парасат пен иман ордасы, ал кітапханашыларды ең асыл құндылықтардың жанкешті сақшылары санаймын», – деген екен. Міне, бұл – кітапханашыларға берілген әділ баға! Кез келген кітапхананың мақтанышы – оқырмандар.

    Осы орайда, Кеген аудандық жастар ресурстық орталығында «Туған жерге тағзым» жобасы аясында кітапхананың тұрақты оқырманы, Кеген ауылдық аналар кеңесінің төрағасы Ғалия Сатаевамен кездесу кеші өтті. «Кітапхана және оқырман» атты шараға аудандық аналар кеңесінің төрағасы Бақытгүл Көнеева, «Қоғамдық келісім және даму орталығы» КММ Кеген аудандық филиалының сарапшысы Әділ Қайратұлы, жастар ресурстық орталығының психолог маманы Гүлназ Толонқызы, Кеген ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Рақым Есімбаев, «Үміт» әжелер ансамблі және кітапхана оқырмандары қатысты.

    «Туған жерге тағзым» жобасының негізгі мақсаты – ұлттық мәдениетіміз бен әдебиетімізді насихаттау, туған жерге тағзым ету арқылы өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, елжандылыққа, кітап оқуға шақыру.

    Ғалия Шәмшиденқызы 1958 жылы 6 мамырда Кеген ауылында  дүниеге келген. Алғашқы еңбек жолын 1975 жылы  Қарқара ауылындағы  балабақшада тәрбиеші болудан бастаған. Одан кейінгі жылдары Бөлексаз орта мектебінде мұғалім, аудандық орталық балабақшада тәрбиеші, №3 Кеген орта мектебінде ұстаздық қызметтер атқарған. 42 жыл білім саласында жұмыс істеді. Көптеген шәкірт тәрбиеледі. Зейнетке шыққан соң Кеген ауылдық аналар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Содан бері қоғамдық жұмыстарға белсене араласып келеді.

    Аталған шарада Ғалия Сатаеваның өмір жолы туралы бейнебаян көрсетіліп, көпшілік назарына ұсынылды. Ауыл ақсақалы Әбіл Әбженбаевтың ақ батасынан кейін кеш иесінің иығына ақ орамал жауып, сый-құрмет көрсетті.

    – Аудандық кітапханада кездесулер, танымдық, тақырыптық кештер жиі өтіп тұрады. Біздің белсенді оқырмандарымыз осындай шаралардан қалмай, бар ынта-жігерімен қатысады. Олар – Ғалия Шәмшиденқызы, Аршын Нұрбақыт, Алмас Тілеулиев, Сырым Тұрсынов, Рүстем Әкімбеков, Балжан Жұмағұл, Толғанай Қымбатбек, Гүлмира Атамбековалар. Руханиятты қадірлейтін осындай жандар көп болса, кітапқа деген қызығушылық арта түсетіні сөзсіз! – деді кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Жібек Молдасанова. Бұл тілекке аудандық аналар кеңесінің төрағасы Бақытгүл Демежанқызы да қосылды. Мәдениет үйінің әншісі Мақсат Бөтеев дәстүрлі әндерін тамылжыта шырқап, көпшіліктің көңілін шалқытты.

    Кеш соңында Ғалия Шәмшиденқызы аналық алғысын білдіріп, кітапхана жұмысына шығармашылық табыстар тіледі.

    Дәурен Әбутәліпов,

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Аудан әлеуеті артып келеді

    Аудан әлеуеті артып келеді

    4 months ago
    Жеке инвестор Қонаев маңында теміржол станциясын салуға мүдделі

    Жеке инвестор Қонаев маңында теміржол станциясын салуға мүдделі

    4 months ago
    БҰҰДТҰ: Саты ауылы – әлемдегі ең үздік туристік ауылдардың бірі

    БҰҰДТҰ: Саты ауылы – әлемдегі ең үздік туристік ауылдардың бірі

    2 years ago
    БҰҰ аптап ыстықты климаттың жылынуынан көреді

    БҰҰ аптап ыстықты климаттың жылынуынан көреді

    2 years ago
    Алматы облысында 285,5 мың гектар жердің бос жатқаны анықталды

    Алматы облысында 285,5 мың гектар жердің бос жатқаны анықталды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>