Перейти к содержимому

ЖАҢА ТЕХНИКА ТАБЫСТАЛДЫ

        Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы бастау алғаны белгілі.Осы бағытта атқарылар көптеген мін­дет тұр.

Аудан көлемінде көркейту, көгал­дандыру және санитарлық-таза­лық жұмыстарын жүйелі жүргізу мақ­сатында аудандық «Балқаш таза су» мекемесіне жаңадан техникалар сатып алынды.
Тазалық жұмыстарын өз дең­гейін­де жүргізуге мүмкіндік ашатын тех­ни­ка­лардың кілтін аудан әкімі Азат Құтпанбетов аталмыш мекеменің басшысы Бақытжан Хамзинге табыс­тады.
Аудан басшысының қолдауы­мен сатып алынған техникалардың біреуі «DONFENG-C120S» маркалы вакуум­ды автокөлігі су соруға арнал­са, ал екіншісі «DONFENG-C120N» маркалы автокөлігі ар­найы қоқыс тиеуге бағытталған. Жаңа құрылғылар орнатылған автокөліктердің жұмыс жүйесін қашықтықтан да басқаруға болады. Күн сайын алдымыздан шыға­тын тұрмыс-тіршілігіміздегі негізгі мәсе­ленің бірі – ауыл мен аулалардың тазалығы.
Ендігі кезекте бұл жаңа техника­лардың көмегімен ауыл ішіндегі күл-қоқыстарды белгіленген арнайы қоқыс төгетін орындарға жеткізу және су сору жұмыстары еш кедергісіз атқарылатын болады деген сенімдеміз.

Өз тілшіміз
Балқаш ауданы