-13 °c
Qonaev
Tuesday, July 1, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home БАҚ

    «Мен – Тілеуқабылмын ғой!»

    26.06.2024
    in БАҚ, Барлық жаңалықтар, Мереке, Өмірдің өзінен
    «Мен – Тілеуқабылмын ғой!»

    Фото: 7-su.kz

    0
    SHARES
    72
    VIEWS

    Тілеуқабыл Мыңжасар ұзақ жыл «Хабар» агенттігінің Алматы облысындағы меншікті тілшісі болып қызмет етті. Ағамыздың жоқ жерден күлкі туғызатын ерекшелігі бар. Соның бір мысалын оқырманға ұсынуды жөн көрдік.

    «Хабар» агенттігі Алматыдағы Желтоқсан және Сәтбаев көшесінің қиылысында орналасқан. Оның шығысында ҚР Президентінің ақордасы тұрған. «Хабарда» – Тілеуқабыл Мыңжасар, Президент аппаратында – Шархан Қазығұл қызмет істейді екен.

    Екеуінің көлікке отыратын жері бір. «Саяхат» автобекетінің қасындағы №32 автобустың соңғы аялдамасы. Бағыты ортақ. Қайда баратынын жоғарыда айттық. Олар күн сайын осылай кездесіп, әңгімелерін жарастырып жұмыстарына келеді екен.

    Бір жолы Шархан әдеттегідей автобусққа кіргенде, өзінен бұрын келіп орындыққа жайғасқан Тілеуқабыл ағасын көреді. Онымен күндегідей жарқылдап амандасады. Қасына отырады. Сөзін әрі қарай жалғайды. Бірақ үйреншікті серігі бүгін біртүрлі,  жауап қайтармайды. Орталық мешітке терезеден қараған қалпынан өзгермейді. Әбден төзімі таусылған Шархан:

    – Тілеуқабыл аға,  сізге не болған? Сәлемімді алмайсыз, қайырылып қарамайсыз, – деп ептеп иығынан түртеді. Бұған селк еткендей тосын бұрылған Тілеуқабыл түсін суытып:

    – Сіз маған бірдеңе дедіңіз бе? – дейді.

    – Ой, Тілеуқабыл аға, қалыбыңызға келіңіз, енді мынауыңыз тым артық, – дейді Шархан ағынан жарылып.

    – Шырағым, сен мені біреумен шатастырып тұрған сияқтысың. Мен ешқандай Тілеуқабыл емеспін. Мазамды алмауыңызды сұраймын, – дейді.

    – Жарайды, онда мазаңызды алмайын. Бірақ сіз Тілеуқабыл ағаға қатты ұқсайсыз, – дейді Шархан күмілжіп.

    – Ондай-ондай бола береді, қалқам, – деп Тілеуқабыл терезе әйнегінен бетін қайтадан көшеге бұрады.

    «Ой, сұмдық-ай! Әлемде талай қызық бар деген осы шығар! Мұндай да болады екен,ә?» деп іштей күбірлеген Шархан  үнсіз қалады. Әрбір аялдамадан өткен сайын оған ұрланып қараумен болады. Екеуі де үйреншікті аялдамада автобустан түседі. Сол кезде жолдың арғы бетіне өтуге оқталған Шарханға ағасы айқай салады. Ол да артына жалт бұрылады.

    – Мен – Тілеуқабылмын ғой! – деген екен.

    Ұсынымдар

    ТІЛ ФЕСТИВАЛІНДЕ ЖЕҢІМПАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

    ТІЛ ФЕСТИВАЛІНДЕ ЖЕҢІМПАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

    3 months ago
    Қоғамдық тыңдау – даму кепілі

    Қоғамдық тыңдау – даму кепілі

    2 years ago
    Қонаевта 973 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды

    Қонаевта 973 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды

    7 months ago
    Сапалы білім мен ұлттық тәрбие – даму кепілі

    Білім беруде өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы – болашақтың бағдары

    1 year ago
    Более 300 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в акции “Таза Казахстан”

    Более 300 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в акции “Таза Казахстан”

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.