Алматы облысында коалиция мүшелері Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен кездесті
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының мүшелері Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамымен кездесу өткізді. Кездесу барысында коалиция өкілдері 15 наурызда өтетін республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін түсіндірді.…









