Перейти к содержимому

Әлеумет

ҚАУІПСІЗ ҮЙ – ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ ОТБАСЫ

  • автор:

17-19 шілде аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» қағидаты мен «Қауіпсіз үй» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Балқаш аудандық полиция бөлімі қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы, полиция майоры… 

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ КЕПІЛІ

  • автор:

Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында Балқаш ауданы прокуратурасы мен Балқаш аудандық полиция бөлімі құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында бірлескен профилактикалық іс-шара өткізді.Іс-шара барысында пробация… 

ІЛЕ АУДАНЫНДА ОРНАЛАСҚАН ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНА ЗАМАНАУИ ИВЛ АППАРАТТАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

  • автор:

Іле ауданында орналасқан облыстық балалар клиникалық ауруханасына демеушілік көмек аясында жалпы құны 42,7 млн теңгені құрайтын екі заманауи өкпені жасанды желдету (ИВЛ) аппараты табысталды. Игі бастама Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетовтің ұсынымымен жеке инвесторларды тарту… 

Өтеген батыр ауылында «Әділет» партиясының Іле аудандық сайлауалды штабының ашылу рәсімі өтті

  • автор:

Осылайша партия Іле ауданында сайлауалды үгіт жұмыстарына ресми түрде кірісті. Жиын барысында штаб құрамы таныстырылып, алдағы науқанның негізгі міндеттері белгіленді. Партия сайлауға «Әділетті болашақ үшін» атты сайлауалды бағдарламасымен қатысады. Бағдарламада «Заң мен Тәртіп», «Тиімді жұмыс… 

Алматы облысының әкімі әлеуметтік нысандардың құрылысын тексерді

  • автор:

Алматы облысында 280 орынды Мәдениет үйі мен бір күнде 500 адамды қабылдайтын аурухана құрылысы аяқталуға жақын. Бүгін Марат Сұлтанғазиев аталған нысандарға арнайы барып, жұмыс барысын тексерді. Іле ауданы Боралдай кентінде салынып жатқан Мәдениет үйінің жалпы… 

ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫН АШТЫ

  • автор:

Алматы облысында Қазақстан Халық партиясының облыстық сайлауалды штабының салтанатты ашылуы өтті. Осылайша партия өңірдегі сайлау науқанының белсенді кезеңін ресми түрде бастап, алдағы үгіт жұмыстарының негізгі бағыттарын айқындады.Іс-шараға облыстық сайлауалды штабтың басшылығы, Қазақстан Халық партиясынан сайланған… 

Жеке құраммен сұхбат өткізіліп, құқықтық тәртіп мәселелері талқыланды

  • автор:

Іс-шараға Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасының аға жедел уәкілі, майор Әбдіманапов Нұрлан Қайратұлы қатысып, әскери бөлімнің қызметіне зерделеу жұмыстарын жүргізді. Бауыржан Момышұлы атындағы 28237 әскери бөлімінде әскери қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру, әскери тәртіп пен заңдылықтың… 

«АСАУ–2026»: Батылдық пен әскери шеберлікті ұштастырған ерекше жоба

  • автор:

Қонаев гарнизонының әскери прокуратурасының бастамасымен және Қазақстан Республикасы «АСАУ–2026» әскери-қолданбалы жобасының алғашқы кезеңі жоғары деңгейде өтті. Жобаның басты мақсаты – әскери қызметшілердің жауынгерлік және дене даярлығын жетілдіру, кәсіби шеберлігін шыңдау, әскери бөлімдер арасындағы ынтымақтастықты нығайту,… 

«Таза бейсенбі» – туған жерге жанашырлық

  • автор:

2026 жылғы 23 шілдеде Шелек ауылында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялықбағдарламасы аясында дәстүрлі «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – ауыл аумағыныңсанитарлық жағдайын жақсарту, қоршағанортаның тазалығын сақтау, тұрғындардыңэкологиялық мәдениетін қалыптастыру жәнетуған жерге деген жауапкершілікті арттыру. «Таза Қазақстан» бағдарламасы – бүгінде ел көлемінде кең қолдау тапқан маңызды экологиялықбастамалардың бірі. Оның аясында өңірлердеқоғамдық орындарды тазалау, ағаш отырғызу, абаттандыру және тұрғындарды қоршаған ортанықорғауға үндеу бағытында түрлі іс-шаралартұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Осындайигі бастама Шелек ауылында да өз жалғасын тауып, ауыл тұрғындары туған жердің көркеюіне үлесқосты. Акция барысында ауылдың орталық көшелерінде, саябақтарда, скверлерде және тұрғындар көпшоғырланатын қоғамдық орындарда санитарлықтазалық жұмыстары жүргізілді. Акцияға қатысушылар жол жиектерін, жаяу жүргіншілержолдарын, демалыс орындарын, қоғамдықорындарды, әлкуметтік нысандар мен мекемелердің айналасын қоқыстан тазартып, ретке келтірді. Сонымен қатар көгалдандырылған аумақтардағыретсіз өскен шөптер шабылып, жиналғантұрмыстық қалдықтар арнайы орындарғашығарылды. Тазалық жұмыстары барысында ауылдыңэстетикалық келбетіне де ерекше назар аударылды. Өйткені таза, әрі күтімді елді мекен – тұрғындардың денсаулығы мен жайлы өмірсүруінің ғана емес, олардың туған жеріне дегенсүйіспеншілігі мен мәдениетінің де көрінісі. Қоғамдық орындардың жинақы, таза болуы ауылғакелген қонақтар үшін де жағымды әсер қалдырып, өңірдің көркеюіне өз ықпалын тигізеді. «Экологиялық акциялар тек бір күндік сенбілікнемесе бейсенбілік тазалық шарасымен шектелмеуітиіс. Қоршаған ортаның тазалығын сақтау – әрбіразаматтың күнделікті өмір салтына айналуы қажет. Көшеге қоқыс тастамау, табиғатты ластамау, жасылжелекті күтіп-баптау, қоғамдық мүлікке ұқыптықарау – үлкен жауапкершілікті талап ететінқарапайым, бірақ маңызды іс. Осындай қарапайымәдеттер арқылы қоғамда экологиялық мәдениетқалыптасады», – дейді ауыл ақсақалы Ә.Айтақынов. Бүгінгі таңда табиғатты қорғау мәселесі бүкіл әлемүшін өзекті болып отыр. Климаттың өзгеруі, қоршаған ортаның ластануы, табиғи ресурстардыңазаюы әрбір адамнан табиғатқа жанашырлықпенқарауды талап етеді. Сондықтан «Таза Қазақстан» бағдарламасының басты мақсаты – тек көшелердітазалау ғана емес, қоғамда табиғатқажауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру. Бұл бағыттағы жұмыстардың ауылдық жерлердежүйелі түрде жүргізілуі тұрғындардыңэкологиялық санасының артуына ықпал етеді. Шелек ауылында өткен «Таза бейсенбі» акциясы да осы игі мақсатқа бағытталды. Мұндай шараларауыл тұрғындарын ортақ іске жұмылдырып, туғанжердің тазалығы мен көркеюіне бірге атсалысуғаүндейді. Себебі ауылдың тазалығы – тек коммуналдық қызметтердің ғана емес, әрбіртұрғынның азаматтық жауапкершілігі. Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

Мотокөлік жүргізушілеріне рейд жүргізілді

  • автор:

Ауылдық округ тұрғындарының өтініштерінегізінде Еңбекшіқазақ ауданының аудандықполиция басқармасының қызметкерлері эндурожәне электрлі мотоциклдерді пайдаланубарысында орын алатын құқықбұзушылықтардың алдын алу және анықтаумақсатында кезекті рейдтік іс-шара өткізді. Рейд барысында кейбір мотокөлік жүргізушілерініңтүнгі уақытта елді мекен көшелерінде жүріп, тұрғындардың тыныштығы мен қоғамдық тәртіптібұзғаны анықталды. Сондай-ақ бірқатаржүргізушілердің көлік құралын басқару құқығынрастайтын жүргізуші куәлігі мен мототехникағақатысты құқық белгілейтін құжаттары болмаған. Тексеру нәтижесінде он шақты мотокөлік иесіқолданыстағы заңнама талаптарын бұзғаны үшінәкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал олардыңмототехникасы заң талаптарына сәйкес арнайыайып тұрағына қойылды. Құқық қорғау органдары қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жәнетұрғындардың тыныштығын бұзатын құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытындағы мұндайрейдтік іс-шаралар аудан аумағында алдағыуақытта да тұрақты түрде жалғасатынынхабарлайды. Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

↑