-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Елдімекен атаулары өзгерді

    01.02.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Денсаулық, Мемлекеттік қызмет, Өңір тынысы
    Елдімекен атаулары өзгерді
    0
    SHARES
    42
    VIEWS

    Қонев қаласында Алматы облыстық мәслихатының кезекті ХV сессиясы өтті. Сессия отырысына облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым қатысты. Жиынды облыстық мәслихаттың төрағасы Талғат Байеділов ашып, бұл биылғы жылдың алғашқы сессиясы екенін еске салды. Сессия отырысына депутаттармен қатар облыс әкімінің аппарат басшысы, облыстық департаменттер мен басқарма басшылары, онлайн режимде аудан, қала әкімдері және мәслихат төрағалары қатысып отырғанын жеткізді.

    Сессияның күн тәртібінде алғашқы кезекте облыстық маслихаттың биылғы жылға арналған жұмыс жоспарын және мәслихат аппаратының құрылымын және штат кестесін бекіту туралы мәселе қаралды.
    Маслихаттың 2024 жылға арналған жұмыс жоспарына Алматы облысының кешенді даму стратегиясы, бюджет мәселесі, құрылыс нысандарының сапалы салынуы, облыс әкімінің және мәслихат төрағасының, тұрақты комиссия төрағаларының есебін тыңдау, Алматы агломерациясы даму жоспарының іске асырылуы, әлеуметтік салаға қатысты бірқатар мәселелер енгізілген.

    Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша облыстық мәслихат аппаратының құрылымын және штат кестесі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, D-3 санатындағы бас инспектор лауазымы D-2 санатындағы аппарат басшысының орынбасары лауазымына, D-4 санатындағы бас маман лауазымы D-3 санатындағы бас инспектор лауазымына ауыстыру жайы қаралды. Шешімнің жобасы депутаттарға алдын-ала жолданғандықтан, жоғарыдағы екі мәселені де бірауыздан қолдап, дауыс берді.

    Күн тәртібіндегі үшінші мәселе – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде тегін медициналық көмек және медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық қызметтерді алу үшін Алматы облысында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұратын елді мекеннен тыс жерлерге тегін жол жүруді ұсыну туралы болды. Бұл ретте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ләззат Ақтаева баяндама жасап, ұсыныс қолдау тапса, алдағы уақытта науқастарға қалааралық автомобиль, әуе, теміржол билетінің құнын төлеу бойынша өтемақы жүргізілетінін айтты. Аталған мәселе тұрақты комиссияның отырысында алдын-ала қаралып, мақұлданғандықтан депутаттар бірауыздан қолдады.

    Келесі кезекте қаралған мәселе – Алматы облысының кейбір елді мекендерінің атауын өзгерту және республикалық ономастика комиссиясының қарауына Алматы облысының білім беру, спорт және мәдениет ұйымдарына атау беру бойынша ұсыныс енгізу туралы болды. Осы орайда сөз алған облыстық тiлдердi дамыту жөнiндегi басқарманың басшысы Данияр Ахметов бүгінгі таңда Алматы облысының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау кезінде тиісті аумақ халқының пікірі ескеріліп, Іле, Кеген, Талғар аудандарындағы бірқатар әкімшілік-аумақтық бірліктердің атауын өзгерту және транскрипциясын нақтылау жұмыстары жүргізіліп жатқанына тоқталды.
    Осы орайда Іле ауданындағы КазЦИК ауылдық округін Асқар Тоқпанов ауылдық округі, Энергетический ауылдық округін Өтеген батыр ауылдық округі, Энергетический ауылдық округіндегі Покровка ауылын Кенен Әзірбаев ауылы, Чапаев ауылдық округін Байкент ауылдық округі, Междуреченск ауылдық округін Ақсай ауылдық округі, КазЦИК ауылдық округіне қарасты Комсомол ауылын Жайнақ ауылы, Кеген ауданындағы Жалаңаш ауылдық округін Жалағаш ауылдық округі, Талғар ауданындағы Панфилов ауылдық округінің Қызыл-Ту-4 ауылын Жібек жолы деп өзгерту туралы ұсынысын айтып, бұл мәселе облыстық ономастикалық комиссияда қаралып, оң қорытындысын алғанын жеткізді.

    Кеген ауылындағы балалар өнер мектебіне Заманбек Нұрқаділовтың, Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылындағы жаңадан ашылатын спорт сауықтыру кешеніне Жақсылық Үшкемпіровтың, Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай Қонаев қаласындағы Алматинская көшесіне, Қарасай ауданы Қаскелең қаласындағы мектеп-гимназияға және Іле ауданы Көкқайнар ауылындағы №53 орта мектепке, Алматы облыстық орталық әмбебап кітапханасына, Райымбек ауданы Нарынқол ауылындағы жаңадан салынған саябаққа және Кеген ауданы Кеген ауылындағы Жастар саябағына Бердібек Соқпақбаевтың есімін беру мәселесін депутаттар қарауына ұсынды.

    Күн тәртібіндегі соңғы сұрақ – облыстық дін істері басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымдары қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақыларын белгілеу бойынша Алматы облысының дін істері басқармасының басшысы Ерғали Көшеке сөз алып, қазіргі таңдағы діни ахуалдың күрделілігін алға тартты. Орталық қызметкерлерінің жалақысының аздығынан кадр тұрақтамай отырғанын айтып, қосымша үстемеақы қарастыруды сұрады.
    Сессия жұмысын қортындылаған облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым:
    – Сессияда қараған мәселелер өзекті. Жергілікті атқарушы органдардың тарапынан ұсынылған құжаттарды бекітіп, қолдау көрсеткендеріңіз үшін облыс әкімінің атынан алғысымды білдіремін. Әсіресе, медицина саласы бойынша қабылданған шешім өте маңызды. Себебі емделуші азаматтар үшін жол шығындары қаржылай ауыртпалық салатыны жасырын емес. Бұл тұрғыда қолдау шараларын толықтай жүзеге асыратын боламыз. Ономастика мәселесі де көптен бері шешімін күтіп жүрген еді. Ендігі жерде бірқатар елдімекеннің ескі атаулары қайта қаралып, заман талабына сай, тарихи әділеттілікті орнату мақсатында жаңа атауларға ие болмақ. Дін саласы мамандарының да жалақысы өте төмен, 80-90 мыңның айналасында. Мұндай жалақымен жақсы теологтарды жұмысқа тарту қиын. Сол себепті бұл да дұрыс шешім болды деген ойдамыз. Бүгінгі қабылданған шешімдер әлеуметтік саладағы бірқатар мәселенің түйінін тарқатары сөзсіз, – деді.

    Сессияның күн тәртібіне енгізілген мәселелер толық қаралып, депутаттар тарапынан қолдау тапты. Тиісті шешімдер қабылданды.

    Алма Есенбай

    Ұсынымдар

    Жол құрылысында жаңа материал қолданылады

    Жол құрылысында жаңа материал қолданылады

    1 year ago
    Дауыс беру күні Алматы облысында қоғамдық көлік жолаушыларды тегін тасымалдайды

    Дауыс беру күні Алматы облысында қоғамдық көлік жолаушыларды тегін тасымалдайды

    2 years ago
    Ерлік жолы

    Ерлік жолы

    11 months ago
    Ұлылар үндестігі

    Ұлылар үндестігі

    1 year ago
    Халықтық штаб мүшелерінің кездесуі Қараойда жалғасты

    Халықтық штаб мүшелерінің кездесуі Қараойда жалғасты

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>