Перейти к содержимому
Главная страница » Анкара төрінде қазақ күйі күмбірледі

Анкара төрінде қазақ күйі күмбірледі

Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен, Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының арнайы шақыртуымен «Құлансаз» фольклорлық-этнографиялық ансамблі Түркия Республикасының астанасы Анкара қаласында Ұлттық домбыра күнін насихаттады.
Анкара төрінде қазақтың қасиетті қара домбырасы күмбірлеп, ұлттық күйлеріміз асқақтай шырқалды. Бұл – ғасырлар қойнауынан жеткен рухани мұрамыздың халықаралық сахнада жаңғырып, түркі халықтарының ортақ мәдени құндылықтарын дәріптеген тағылымды сәтке айналды.
Қазақ пен түрік халқы арасындағы бауырластық артып, ұлттық домбырмыздың үні асқақтап, кең тарапты шарлай берсін!