Перейти к содержимому
Главная страница » Күмбірле, киелі домбыра!

Күмбірле, киелі домбыра!

Кеген ауданы Жалағаш ауылдық округінде мәдениет қызметкерлері мен ауылдық аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Күмбірле киелі домбыра» атты мерекелік шара өтті.
Онда домбыраның қасиеті, ұлттық құндылығы жас ұрпаққа насихатталды.
Шара концерттік бағдарламаға ұласып, домбыра шанағынан күй төгілді.
Жиналған көпшілік жас домбырашылар
Нұрболат Нуриман мен
Дәулет Мирастың өнеріне тәнті болды.
Жас ұрпақты ұлттық өнермен сусындатып жүрген ұстазы Шәкірт Көбегенұлы көпшілік тарапынан мол алғысқа кенелді.
Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ
Кеген ауданы