-13 °c
Qonaev
Sunday, May 18, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Жастар жолы

    02.03.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    Жастар жолы

    Фото: gov.kz

    0
    SHARES
    12
    VIEWS

    Білікті жас мамандарды ауылға тарту жұмысы Жамбыл ауданында қарқынды жүргізілуде. Бұл орайда «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының алар орны зор. Елімізде 2009 жылдан бері жұмыс істейтін бағдарламаның негізгі мақсаты – елдімекендердегі денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік саласында кадр тапшылығын жою.
    Бұл жобада бастапқыда тек әлеуметтік сала мамандарын ғана қолдау көзделген болса, 2012 жылдан бастап ветеринария мамандарымен толықтырылды. Ал 2015 жылы агроөнеркәсіп кешені мамандарының қажеттігіне байланысты оған агроном, зоотехник, балық өсіру маманы, технолог, инженертехнолог және фермерлер енгізілген. Бұл аграрлық өңір саналатын Жамбыл ауданы үшін де өте тиімді ынталандыру болып отыр. Жыл сайын ауылға келген жас мамандарға «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы аясында мемлекет тарапынан қарастырылған қаржылай көмек тиісінше беріліп келеді.
    Мәселен, бағдарлама іске қосылған 2009 жылдан бері ауданда 1262 жас маманға 282,6 млн теңге көтерме жәрдемақы төленген. Үй сатып алу үшін 501 жас маманға 1 млрд 765 млн теңге бюджеттік несие берілген. Бағдарламаға биылғы жылы өзгеріс енгізіліп, аудан орталығына жұмыс істейтін жастар үшін баспана алуға арналған несие көлемі 1500 айлық есептік көрсеткіштен 2500 АЕК-ке ұлғайтылып, 9 млн 230 мың теңге болып белгіленді. Ал елдімекендерге келген жас мамандарға несие көлемі 7 млн 384 мың теңгені құрады. Айқындай кетсек, мұндай бюджеттік несие теңгемен 15 жылға дейінгі мерзiмге 0,01 пайыз мөлшерiндегі жылдық сыйақы мөлшерлемемен беріледі. Жас маман кредиттiк шарт жасасу арқылы бұл қаржыға өзі таңдаған тұрғын үйді сатып алады немесе жаңадан баспана салады.
    Орта есеппен жыл сайын ауданның білім саласына 200-ден астам мұғалім, ал денсаулық сақтау саласына 25 дәрігер мен медбике жұмысқа орналасады. «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы аясында биылғы 2024 жылы аудан бойынша 46 жас маманға тұрғын үй сатып алу үшін 378,4 млн теңге несие және 100 маманға көтерме жәрдемақы алуға 80,6 млн теңге қарастырылды. Көтерме жәрдемақы 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 369,2 мың теңге болып белгіленді.
    «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша біржолғы жәрдемақы алып, бюджеттік кредит арқылы ауылдан жеке тұрғын үйге ие болғандар қатары жыл санап артып келеді. Ел ішінде еңбек етсем деп келген жас мамандар мемлекеттің қолдауына риза.

    Серік Сатыбалдиев,
    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Шахматтан әлем біріншілігінде топ жарды

    Шахматтан әлем біріншілігінде топ жарды

    5 months ago
    Парыз бен Борышты арқалап

    Парыз бен Борышты арқалап

    8 months ago
    Ауыл балаларына арналған олимпиада

    Ауыл балаларына арналған олимпиада

    3 months ago
    Алматы облысында «Киелі мекен» апталығы басталды

    Алматы облысында «Киелі мекен» апталығы басталды

    1 year ago
    2025 жылы МӘМС-ке қанша төлейміз?

    2025 жылы МӘМС-ке қанша төлейміз?

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>