⛅
16°C
Қонаев
Бейсенбі, Сәуір 9, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    XXXIII жазғы олимпиада: Алматы облысынан 5 спортшы ел намысын қорғайды

    29.07.2024
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    XXXIII жазғы олимпиада: Алматы облысынан 5 спортшы ел намысын қорғайды
    0
    SHARES
    11
    VIEWS

    4 жылдықтың басты додасында Алматы облысынан 5 спортшы ел намысын қорғайды. Олар 3 спорт түрінен Олимпиада ойындарының лицензия иегерлері атанды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ерболат Сарабеков айтты.

    «Лицензия алған спортшылар саны бойынша Алматы облысы республикалық рейтингте 6-орында. Олимпиада ойындарында Алматы облысынан стенд атудан – Әсем Орынбай, Едуард Ещенко, Дмитриенко Мария, оқ атудан – Чирюкин Никита, грек-рим күресінен Демеу Жадыраев сынға түседі», – деді Ерболат Сарабеков.

    Баршаға мәлім, XXXIII жазғы олимпиада ойындары 26 шілде – 11 тамыз күндері аралығында Париж төрінде өтеді.

    Аймақтың оғландары бақ сынаған спорт сайыстарының қатары олимпиадамен шектелмейді. Күні кеше 25 маусым – 7 шілде күндері аралығында Якутия қаласында VIII Халықаралық «Азия Балалары» спорттық ойындарына өңірден 7 спорт түрінен 9 спортшы қатысты. Ауқымды іс-шараның қорытындысы бойыншы Алматы облысының спортшылары 2 күміс және 2 қола медальға ие болды.

    Алматы облысының спортшылары республикалық және халықаралық жарыстарда жалпы саны 1344 медаль жеңіп алды. Оның ішінде, 482 алтын, 384 күміс, 478 қола жүлде қанжығаға байланды.

    Олимпиада ойындары аяқталғаннан кейін, спротшылар көзге түсетін тағы бір ауқымды шара – V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары. Спикердің айтуынша, халықаралық деңгейдегі дүбірлі додаға Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командасының сапында өнер көрсетуге Алматы облысының 11 спортшысы үміткер.

    “Жоғарыда аталған жетістіктердің негізі мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың нәтижиесі”, – дейді Ерболат Сарабеков.

    «Биыл дене шынықтыру мен спортты дамытуға бюджеттен 14,9 млрд. теңге бөлінді. Бұдан бөлек, халықаралық ареналарда ел намысын қорғайтын үздік спортшыларды ынталандыру мақсатында, аймақтағы 239 спортшыға 51 000 – 500 000 мың теңгеге дейінгі аралықта Алматы облысы әкімдігінің стипендиясы төленуде»,- деді Ерболат Сарабекұлы.

    Алматы облысында «халықтың 1000 адамға шаққандағы спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілуі» көрсеткіші 49 пайызды құрайды. 2024 жылдың соңына дейін 50,2 пайызға жеткізу жоспарланған.

    Қазіргі таңда спорт инфрақұрылымын дамыту мақсатында, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры арқылы «ангар» үлгісіндегі спорт кешенін салу бойынша жұмыстар жүгізіліп жатыр.

    Соңғы жаңалықтар

    Құттықтау сөзін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Роман Скляр, Мәжіліс Парламентінің вице-спикері Дания Еспаева, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» Президиумының төрағасы Қанат Шарлапаев білдірді
    09.04.2026
    Бас Прокурор Берік Асыловтың форум ашылуында айтқан сөзі
    09.04.2026
    Бас прокуратурада Берік Асыловтың төрағалығымен отандық және шетелдік инвесторлар өкілдерінің қатысуымен инвестицияларды қорғау жөніндегі форум басталды
    09.04.2026
    Төрт тілде сөйлейтін шекарашы
    09.04.2026
    Қазақстан мен өңірдегі 150-ден астам ұйымның топ-менеджерлері Stanford University HAI профессорлары мен OpenAI Academy сарапшыларынан ЖИ бойынша білім алады
    09.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>