-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Татулық тірегі

    27.09.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Қоғам, Руханият
    Татулық тірегі
    0
    SHARES
    23
    VIEWS

          Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамындағы «Қоғамдық келісім және даму орталығы» КММ ұлтаралық татулықты қамтамасыз ету, этномәдени орталықтардың қызметінде ортақ құндылықтарды қалыптастыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргізіп келеді. Осы мақсаттағы шаралардың бірі Талғар ауданы Панфилов ауылындағы №17 орта мектепте өтті.

    «Туған жерге тағзым» деп аталған семинарға этномәдени орталықтардың төрағалары мен белсенділері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этникалық жастар, «Қоғамдық келісім және даму орталығының» қызметкерлері қатысты. Белгілі қоғам қайраткерлері мен белсенділерінің әртүрлі тақырыптарды талқылап, кең түрде жасаған баяндамалары мен ой-тұжырымдарын тыңдауға келген жұрт мектептің мәжіліс залын лық толтырды.
    Семинарды ашқан облыстық «Қоғамдық келісім және даму орталығының» басшысы Елбосын Абай шараның мақсаты мен этномәдени орталықтардың алдында тұрған міндеттерге тоқталды.
    Осы мекеменің бас сарапшысы Гүлмира Билялова «Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясына қарайтын этномәдени бірлестіктердің кешенді қызметі» тақырыбында ауқымды баяндама жасады. Ол Мемлекет басшысының жуырда ғана жарияланған Жолдауынан туындайтын міндеттерді негізге ала отырып, этномәдени орталықтардың жұмысындағы маңызды мәселелер жөнінде өз ойын ортаға салды.
    «Қазақстанның орыс, славян және казак  ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі Жетісу облыстық филиалы және облыстық орыс мәдени орталығының төрағасы Лариса Котельникова «Этномәдени орталықтардың орнықты дамуы, теория және тәжірибе. Қаржылық сауаттылық» тақырыбында баяндама жасады. Ол көркем слайдтар көмегімен «азаматтық қоғам және азаматтық сектор» деген тұжырымдарға жан-жақты түсінік берді. Сондай-ақ ол арнайы жобалар бойынша лоттар, гранттармен қалай жұмыс істеу қажеттігін кең түрде түсіндіріп, бұл тұрғыда қаржылық сауаттылық та маңызды екеніне назар аударды.
    Алматы қалалық ҚХА жанындағы аналар кеңесі төрағасының орынбасары, «Ахыска» түрік мәдени орталығы аналар кеңесінің төрағасы Зульфия Хусейнова өз ұйымының жұмысы жайында әңгімеледі.
    – Аналар кеңесі елімізде тұратын түрік халқы өкілдерінің ұлттық мұраларын сақтау мен дамытуда маңызды рөл атқарып келеді. Түрік қауымдастығының өкілдерінен құрылған бұл ұйым еліміздің әртүрлі өңірлерінде белсенді жұмыс жүргізіп, бірқатар маңызды бастамалар мен іс-шаралардың ұйытқысы болып отыр. Аналар кеңесінің ең негізгі міндеттерінің бірі – жастар арасында түрік халқының тілі, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерін сақтау және одан әрі дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізу. Кеңес мүшелері түрік халқының ұлттық мұраларын сақтау мен оларды келешек ұрпақтың бойына сіңіру бойынша әртүрлі мәдени фестивальдер, көрме, концерт, шеберлік сыныптарын, оқу бағдарламаларын өткізіп келеді. Бұл шаралар түрік қауымдастығы мен Қазақстандағы басқа да этникалық топтардың арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға зор ықпал етеді. Сонымен бірге аналар кеңесі жас отбасылар, аналар мен балаларды қолдауға бағытталған әлеуметтік және қайырымдылық бағдарламаларына белсенді қатысуда. Сол арқылы жас отбасылардың әлеуметтік мәселелерін шешуге, олардың балалары үшін білім алу, мәдени шаралардың қолжетімді болуына жан-жақты көмектесуде. Осылай аналар кеңесі түрік қауымдастығында отбасылық құндылықтардың нығаюы және әлеуметтік тұрақтылықтың сақталуына өз үлесін қосып келеді. Кеңес қызметінің тағы бір маңызды бағыты – түрік қауымдастығы мен мемлекеттік ұйымдардың арасындағы өзара қарым-қатынастың нығаюына, олардың бірлесе нәтижелі жұмыс жүргізуіне ықпал ету. «Ахысканың» әйелдері қоғамдық тыңдаулар, талқылаулар мен басқа да әртүрлі жиындарға белсенді қатысып, түрік қауымдастығы өкілдерінің мүдделері мен сұраныстарын білдіру арқылы олардың құқықтары мен мәдени мұраларының қорғалуына да өзіндік үлестерін қосуда, – деді ол.
    «Элефтерия» гректер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Наталья Тифанциди семинар қатысушыларын қазіргі кезде жұмыс істеп тұрған жексенбілік мектеп, қуыршақ театрының негізінде грек этномәдени орталығының қызметімен, сондай-ақ қолөнер бұйымдарымен таныстырды. Ал облыстық дін істері жөніндегі басқарманың дін саласындағы түйткілдерді зерделеу орталығы бөлімінің басшысы ­Жасұлан Жомартқанов діни экстремистік идеологияның қоғамға төндіретін қаупі туралы жан-жақты әңгімеледі.
    Семинар соңында қатысушылар іс-шараның қорытындысын шығарып, олардың қоғамдық келісімді нығайту мен талқыланған ­мәселелерде рухани бірлікті қамтамасыз ету бойынша бірлесе жүргізіп келе жатқан қызметінің негізгі мәні мен рөлі айқындалды. Шара «Біздің күшіміз – бірлікте!» деген тұжырыммен түйінделді. ­Этномәдени орталықтардың ең белсенді және табысты қызмет атқарып келе жатқан мүшелері Алғыс хатпен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Саудаға серпін берді

    Саудаға серпін берді

    8 months ago
    45 күн қалды: Көшпенділер ойындарында Делегация орналасатын қонақ үйлер жұмысымен таныстырды

    45 күн қалды: Көшпенділер ойындарында Делегация орналасатын қонақ үйлер жұмысымен таныстырды

    11 months ago
    Алматы облысында бастауыш партия ұйымдарының форумы өтті

    Алматы облысында бастауыш партия ұйымдарының форумы өтті

    1 year ago
    Мәслихат депутатын сайлау өтіп жатыр

    Мәслихат депутатын сайлау өтіп жатыр

    2 years ago
    Президент: Депутаттардың ел алдындағы жауапкершілігі артты

    Президенттің төрағалымен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты жиын өтеді

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>