🌫️
-3°C
Қонаев
Дүйсенбі, Желтоқсан 22, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Чемпиондармен таңғы жаттығу

    07.10.2024
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық, Спорт
    Чемпиондармен таңғы жаттығу
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Қонаев қаласында мемлекеттік қызметкерлер үшін арнайы ұйымдастырылған «10 күндік таңғы жаттығу» дәстүрлі спорттық жобасы басталды. Аталған шараның мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында дене шынықтыру мен спортты насихаттау және белсенді де салауатты өмір салтын ұстану.

    Қатысушылардың жасына шектеу жоқ. 18 жасқа толғандар мен одан үлкендердің барлығы қатыса алады. Жаттығу 7-16 қазан күндері аралығында, таңғы сағат 6:45-те облыс орталығының орталық жағажайында өтеді.
    Алғашқы таңғы жаттығуды грек-рим күресі бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері Дамир Күзембаев өткізді. Қалған күндері Жақанша Қорлан, Яна Белозерова, Толғанай Қасымхан, Еркебұлан Әнапия, Жасұлан Қыдырбаев, Жібек Құлымбетова, Нұртілеу Өтеген, Евгений Гетало, Надежда Пивоварова сияқты көрнекті спортшылар, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, әлемдік додалардың чемпиондары мен жүлдегерлері жалғастыратын болады. Олар қатысушыларға денсаулыққа пайдалы жаттығулар кешенін көрсетіп, ағзаға жүктемені қалай дұрыс бөлу және оны сауатты да тиімді жасау керектігін үйретеді.
    Онкүндіктің қорытындысы бойынша осынау бұқаралық спорттық шараның нәтижесі шығарылмақ. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатысуына қарай жиналған ең көп ұпай бойынша анықталады. Үздік командалар кубоктармен, медальдармен, Құрмет грамоталарымен, сондай-ақ 1-орынға – 300 000 теңге, 2-орынға – 200 000 теңге, 3-орынға 100 000 теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйлықтармен марапатталмақ.
    Салауатты өмір салтын насихаттайтын шараны облыстық дене шынықтыру және спорт, облыстық ішкі саясат басқармалары мен облыстық дене шынықтыру мен спортты дамыту орталығы ұйымдастырып отыр.

    Өз тілшіміз
    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    «Алаш» сыйлығын иеленді

    «Алаш» сыйлығын иеленді

    7 months ago
    Мемлекет басшысы Вашингтонға сапарлап барды

    Мемлекет басшысы Вашингтонға сапарлап барды

    2 months ago
    Қор міндеттерінің бірі – науқастармен кері байланысты бақылау

    Қор міндеттерінің бірі – науқастармен кері байланысты бақылау

    1 year ago
    Табиғи апатқа білім бөлімдері де алаңдайды

    Табиғи апатқа білім бөлімдері де алаңдайды

    2 years ago
    Терроризмге кешірім жоқ

    Терроризмге кешірім жоқ

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>