-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Отанға қызмет

    21.11.2024
    in Барлық жаңалықтар, Қорғаныс
    Отанға қызмет
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

          Күзгі әскерге шақыру науқанында Ұйғыр ауданында орын тепкен Райымбек аудандық шекара басқармасының әскери бөліміне 500 сарбаз Отанын қорғауға келді.

    Енді еліміздің түкпір-түкпірінен келген жалындаған жастар жарғақ құлағы жастыққа тимей, шекара дегеннің не екенін ұғынып, ондағы өмір мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бір жыл бойы жаттығады. Табандылық пен төзімділіктің ер-азаматқа қажеттігін әскерде ұғына алады. Бірақ оның бәрі тек ант қабылдау рәсімінен кейін ғана жүзеге асатыны анық. Сондықтан жуырда әскери бөлімде сарбаздардың әскери ант қабылдау рәсімі салтанатты түрде өтті.
    Бұл шараға ҚР ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің бастығы, полковник Әлібек Каюпов, Ұйғыр ауданының әкімі Бота Елеусізова, Ауған соғысының, шекара қызметінің ардагерлері қатысты. Сонымен қатар сарбаздардың ата-аналары мен туған-туыстары да осындай ерекше күннің куәгері болуы үшін арнайы келді.
    Сап түзеген сарбаздар кезек-кезек ант қабылдады. Жас жауынгер сынынан өткен бес жүз сарбаз Отан қор­ғаушылармен теңқұқылы сапта бой түзеу үшін Отанға адал болуға, қалт­қысыз қызмет етуге, әскери өмірдің қиындығы мен ауыртпалығына төтеп беруге салтанатты түрде ант берді.
    Шарада алғашқы құттықтау сөз ҚР ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің бастығы, полковник Әлібек Каюповқа берілді. Әлібек Амангелдіұлы шекарашы сарбаздарға анттарына адал болып, жауынгерлік-даярлық қызметінің үздігі атану үшін табандылық пен шыдамдылық, еңбекқорлық қажеттігін айтып, қазақстандық шекарашылардың үздігі атанулары­на тілектестігін білдірді. Ал Отан алдындағы борыштарын өтеуге балаларын жіберген ата-аналарға алғысын айтып, олардың ұлдары нағыз патриот екенін, елдің ертеңін, мемлекеттің болашағын осындай батырлар қалайтынын тілге тиек етті. Сонымен қатар Әлібек Амангелдіұлы өз сөзінде биыл Алматы облысы мен Кеген ауданы әкімдерінің қолдауымен қазақ-қырғыз шекарасының бойында су жаңа шекаралық жылыту пункттері ашылғанын сүйіншілей жеткізді. Бұл да болса сарбаздарымыздың шекараны қырағылықпен күзетуіне әсер ететін бірден-бір фактор екенін де айтты. Жаңа келген шекара қызметінің сар­баздарына сәттілік тілеп, ел қорғаны болатындарына сенім білдірді.
    Ал аудан әкімі Бота Серікқызы әр сарбаздың артында үміт артқан ата-анасы, бауырлары, туған-туысы тұратынын, сондықтан Отан қорғау­шылардың сол үмітті ақтап, әскерді абыроймен аяқтап, отбасыларына аман-есен жетулерін тіледі. Ата-аналар атынан сөз қатардағы жауынгер Тұрсын Қуаныштың анасы Жазира Батырбековаға берілді. Өз ұлымен бірге әскер қатарында жүрген әр бала өз баласындай екенін елжірей айтқан ананың тілегі көптің көңілін босатты. Ұлының азамат болып, әскерге өз еркімен барып, Отан алдындағы борышын өтеуге деген талпынысына мақтанатынын айтты. Ел қорғаны болар сарбаздарымыздың амандығын тіледі.
    Мінбеге көтерілген қатардағы жауынгер Диас Тілектес әскери өмірді көру, оны сезіну, оның қиындығы болса, төзе білу әрбір ер-азаматтың борышы екенін айтып, сол қасиетті борышты өтеуге келген өзі сынды Отан қорғаушыларға сәттілік тілеп, «Антымызға адал болып, ел сенімін ақтайық!» деген ұранды сөзімен қорытынды жасады.
    Салтанатты шара аяқталған соң басқарманың арнаулы мақсаттағы ұтқыр іс-қимыл бөлімшесі жеке құрамының орындауында «Мемлекеттік шекараны бұзушыларды ұстау» операциясы және қоян-қолтық ұрыс әдіс-тәсілдері көрсетілді. Арнайы жаттықтырылған иттердің көмегімен шекара бұзушыны ұстау операциясы жас сарбаздар мен ата-аналардың көңілінен шыққаны анық.
    Шекара – жас сарбаздардың шеберлігін шыңдап, Отанының нағыз патриоты етіп шығаратын орта. Сарбаздар шекарада нағыз әскери өмірді сезінеді. Қиындығын да, қызығын да көре алады. Бастысы Отан қорғауға бейімделеді. Ал Отан қорғау – әркімге бұйыра бермейтін бақ.

    Анар ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

    Ұйғыр ауданы

    Ұсынымдар

    Павлодар мұнай зауытында сұйытылған газды тазартудың жаңа кешені іске қосылды

    Павлодар мұнай зауытында сұйытылған газды тазартудың жаңа кешені іске қосылды

    4 months ago
    БЮДЖЕТ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ

    БЮДЖЕТ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ

    6 months ago
    Үлкен ауылының тұрғындары референдумға белсенді қатысуда

    Үлкен ауылының тұрғындары референдумға белсенді қатысуда

    8 months ago
    «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы қарқын алуда

    «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы қарқын алуда

    1 year ago
    Бабын тап та, бақ өсір

    Бабын тап та, бақ өсір

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.