-13 °c
Qonaev
Tuesday, July 1, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Су басу қаупін сейілтті

    24.01.2025
    in Барлық жаңалықтар, Қауіпсіздік, Төтенше жағдай
    Су басу қаупін сейілтті
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

          Қаңтар айының 21-22-сінде күннің күрт жылынуына байланысты Алатаудан аққан қар суы Іле және Қарасай аудандарының шекарасын қиып өтетін Жармұхамбет су арнасының деңгейін көтерді. Салдарынан Жармұхамбет ауылымен қатар Іле ауданының біршама аймағын су басу қаупі артты. Су тасқынының алдын алу шаралары бойынша ауыл тұрғындарына Қонаев десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері көмекке келді.

    Қарасай ауданына қарасты Жармұхамбет ауылында шамамен 10 000 адам тұрады. Өткен аптада ауарайы жылы болды және өзендегі су деңгейі айтарлықтай көтерілді. Кей жерлерде Іле ауданына қарасты тұрғын үйлердің аулаларын толтыра бастады. Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетов өткізген шұғыл кеңестен кейін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының көмегіне жүгіну туралы шешім қабылданды. «Генерал-майор Алмаз Жұмакеев ауыл тұрғындарына өзеннің жағалау сызығын нығайту жұмысын жүргізу үшін 43 десантшы-әскери қызметшіні көмекке жіберді. Сарбаздардың жылдам көмегінің нәтижесінде ағынды су қарқыны тез ауыздықталды. Жармұхамбет ауылының тұрғындары көмек көрсеткені үшін әскерилерге шын жүректен алғысын білдіреді», – деді Іле ауданы әкімінің орынбасары Алмас Бөкенаев.
    Айта кетейік, дәл осы екі күндік жұмыс барысында тұрғын үй алаптарын су басуға жол бермеу мақсатында 800 метрден астам су бөгеу құрылысы жүргізіліп, 2500-ден астам қапшық төселді.

    Бағдат ШОЙБАС

    Іле ауданы

    Ұсынымдар

    Асылы Осман, Гүлнәра Ходжабергенова

    МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МЕНІҢ ТІЛІМ

    2 years ago
    Жастарға арналған саябақ

    Жастарға арналған саябақ

    8 months ago
    Жаңалық жаршысы

    Жаңалық жаршысы

    4 days ago
    Қош бол, смартфон, көргенше!

    Қош бол, смартфон, көргенше!

    1 year ago
    БАКУДЕГІ БЕРДІБЕК ТОЙЫ

    БАКУДЕГІ БЕРДІБЕК ТОЙЫ

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.