-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жадымызда жаңғырады

    26.04.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Жадымызда жаңғырады
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

            Пендешілікке жығылмай, адамгершілік шыңынан қол бұлғаған әз-халқымыздың қаһарман ұлдары мен қыздары аз болмаған. «Тар жол, тайғақ кешудің» ауыр соққыларына сыр бермей, өздеріне тән сабырлық пен шыдамдылық көрсетіп, қиянат жеңсе де, әділет өлмейді, үрей торласа да, үміт жоғалмауы керек деп өткен кешегі Алаш қайраткерлерінің ерен ерліктері ұлт жадынан ешқашан өшпейді.

    «Асылды соқсаң, шыңдалар, жасықты соқсаң, жым болар» деген ғой бұрынғылар. Құдай берген тағдырларына, бақ-несібесіне риза бола жүріп, қаншама қилы-қилы кезеңдер мен зұлматты замандарды басынан өткерген Алаш қайраткерлерінің елін, туған жерін өркендетіп, ұлтты ұйыстыратын мұратты істерін оқып көргенде, бүгінгі білімді ұрпақтың танымы-түсінігі ұлғаяры белгілі. Қазақтың көзі ашық, көкірегі ояу болуына аянбай қызмет еткен, сол кездегі өкіметті (Совнарком) 1922-1924 жылдары басқарған әдебиет сыншысы, айтулы ақын, ақиқатшыл ұстаз Сәкен Сейфуллин: «Оқу – өмірдің сәні, тіршіліктің шамы», – деп тегін айтпаған. Айтулы тұлғаның тәлім-тәрбиесін алып, білімін жетілдірген қайраткерлер аз емес.
    Ұлт руханиятының дамуына қызмет еткен, қазақ әдебиетінің жандануына айрықша үлес қосқан, том-том ғылыми, тарихи, көркем әдебиеттер жазып, арналы бай мұра қалдырып, халық мерейін үстем еткен ұлтымыздың ұлағатты ұлдары – Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқановтарды кім білмейді?! Өз заманында үш бәйтерегіміз болған Сәкен, Ілияс, Бейімбет жалған жаламен «халық жауы» атанған тұста «Бейімбет Майлин туған еліне жау болса, онда мен де жаумын» деп қасқайып қарсы тұрған Ғабит Махмұтұлы атамыздың қайсарлығын дәріптей білсек, ешқандай сөкеттігі жоқ деп ойлаймын. Кемеңгер қазақтың көнермейтін елеулі есімдері ғасырларға ұласып, ұрпақтарымыздың отаншыл, әділетті, адал болуына ықпал етері сөзсіз!
    Француз халқының атақты жазушысы Виктор Гюгоның: «Адамның басында бір ғана сойқан күш бар, ол – надандық», – деп жазған ойы әрқашан өміршең. Қараңғылықпен саналы ғұмырында өмір бойы күресіп, барлық азаматтың білімге ұмтылуына күш салған халқымыздың бас ақыны, хакім Абай Құнанбайұлы да: «Адамның бас дұшпаны – надандық», – деп тауып айтқан сөзі – шынымен де ақиқат. Алаш қайраткерлерінің негізгі басты ұстанымдарының бірі ауызбіршілік пен ынтымақ болды. Жалпы халықтың дүниетанымы мен ой-өрісін дамытуға қажетті жұмыстардың бәрін істеуге үнемі мүдделі болғаны – халық мәртебесін биік ету. Ұлттық намысты оятып, патриоттық бағытта тәрбиелеуге ұмтылғандары – тарихи шындық.
    Алаш қаһармандарының тарих бетіндегі ақтаңдақтарын ешкім де өшіре алмайды. Олардың туған елімен қайта қауышуына сол кездегі идеология хатшысы, ұлт тарихы мен мәдениетінің асқан жанашыры, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, этнограф-ғалым Өзбекәлі Жәнібековтің ерен ерлігін атап айту парыз. Шәкәрім Құдайбердіұлы, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынұлы және тағы басқа тұғырлы тұлғалар толығымен ақталды. Кезінде олардың жазған құнды ғылыми еңбектері мектеп оқулықтарына еніп, жоғары оқу орындарында, бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жазылып, дәріптелді. Белгілі ақын, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, ұлағатты ұстаз Берік Баиловтың «Жақсы адамдар» өлеңіндегі: «Ұлтжанды олар себебі, Ұрпаққа тәлім береді.Нардың жүгін арқалап, Маңдай терін төгеді» деген жыр шумақтарында өмірдің шындығы бар.
    Қазақ халқының басынан өткерген зорлық-зобалаңы көп нәубет жылдар Ф.Голощекинге тікелей байланысты екенін ешкім де жоққа шығара алмайды. Бұдан бұрын да XVІІІ ғасырда 2 миллиондай адам шейіт болып, халық азып-тозған қиын-қыстау, тар заман басымыздан өткені тарихтан белгілі. «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деп аталған сол шақтағы ел қасіреті екі-үш ғасыр өтсе де, санадан өшкен жоқ. Біз, әуелі Құдайға сыйынған текті халықпыз. Қазақ мәдениетінің жандануына ғылыми, рухани, ауқымды істердің қайта түлеп, жаңғыруына әрдайым ұйытқы болып жүретін белгілі дәрігер, ғалым-меценат Ғани Смаханұлының: «Құдай патшалығы – адам баласына бүкіл ғаламшарға бар жақсылық атаулыны сыйлаған шексіз құдірет иесі екенін, оның басқаруындағы әрбіріміз оған деген сүйіспеншілігімізді таза жетілдірген болсақ, біздің еңбегіміз берекесіз болмайды. Әуелі үлкен-кіші де, жақсы-жаман да әділеттің хақ жолынан таймайтын құлы болғанда – қарапайым халық өсіп, ұлт өркендейді», – деген аталы сөздері ерекше мәнге ие. «Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деген Әлихан Бөкейхан бастаған ұлт зиялылары 1917 жылы «Алаш» партиясын құрып, Алашорда ұлттық-территориялық автономиясын жариялап, бүгінгі егеменді мемлекеттің негізгі іргетасын қалаған болатын.
    Ықылым заманнан қалыптасқан халық педагогикасы, ауыз әдебиеті мен фольклорын мейлінше дамытып, өрістеткен – «Алаш» партиясының өкілдері мен мүшелері болды. Өздері де халық мұраларынан нәр алып, оның көкжиегін барынша кеңейте білді.
    Тағы да Алаштың арда азаматы, сыршыл да, шыншыл ақын Сәкен Сейфуллиннің: «Өмір деген – ұлы көш, алды-арты біз емес», – деп тебірене айтқаны бар. Сол заманда кейбірінің белгілі білімі болмаса да, ой-парасаты үлкен, саясатқа сезімтал, елге де, өзіне де бірдей талап қоя білетін, нағыз ділмар, іске тындырымды, абыройлы тұлғалар аз болмаған шығар деген ойдамын. Олар рухани жұтаңдықтан ада, өмірді жете түсінуді алға тартқан тарихи тарлан тұлғалар еді.
    Халқымыздың данышпаны, хакім Абай Құнанбайұлының: «Білмеген соқыр, қайғысыз отыр, тамағы тойса жатуға», – деген сөзінің астары терең. Ұлтының алдында туған, Отанына адал болып, арының тазалығына, жүзінің жарқындығына қызмет еткен кешегі алыптардың заңды жалғасы, арыстар ұрпағының да ешқашан осал болуға хақысы жоқ. Әсілінде, әділетін айтсақ, жақсы мен жаманға, арыс пен алыпқа бағасын беретін тек халық. Себебі халық айтқан алғысы мен бағасынан артық қандай құрмет болу керек?! Өткен ғасырдың алғашқы ширегінен бастап атой салып, дүркіреген сол тұғырлы қайраткерлерге күш-қуат, алып жігер берген әуелі Алла, сосын болашаққа деген құштарлығы еді. Жарқын болашақ көзі ашық, көкірегі ояу жалынды жастардың еншісінде деген үмітпен өмірден өткен Алаш арыстарының асыл арманы орындалды. Елім деп өткен қайраткер аталарымыздың аманатын орындау – біздің ортақ парызымыз. Сол жолда жұмыла жұмыс істеуіміз керек. «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, Алтау ала болса, ауыздағы кетеді» дейді қазақ. Баршамызды Құдай ауызбіршілігімізден айырмасын!

    Азамат Жекебаев,
    №14 мекеменің сотталғандар арасындағы
    әлеуметтік-психологиялық және тәрбие жөніндегі
    бөлім қызметкері, әділет капитаны
    Алатау қаласы

    Ұсынымдар

    Алматы облысында жедел-профилактикалық іс-шаралары өткізілуде

    Алматы облысында жедел-профилактикалық іс-шаралары өткізілуде

    7 days ago
    Педагогтер жалақысы соңғы бес жылда қалай өсті

    Педагогтер жалақысы соңғы бес жылда қалай өсті

    2 months ago
    Алматы облысында тұрғындардың 11 пайызы тұмауға қарсы екпе алды

    Алматы облысында тұрғындардың 11 пайызы тұмауға қарсы екпе алды

    1 year ago
    “Тұғырлы туым” патриоттық іс-шарасы өтті

    “Тұғырлы туым” патриоттық іс-шарасы өтті

    11 months ago
    Алматы облысында мал ұрлығына күдіктілер ұсталды

    Алматы облысында мал ұрлығына күдіктілер ұсталды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.