-13 °c
Qonaev
Saturday, June 14, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Үздік оқытушылар анықталды

    02.06.2025
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Үздік оқытушылар анықталды
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

          Қазақ тілі – халқымыздың рухани өзегі, елдігіміздің тірегі. Қасиетті тілімізді өзгелерге үйретіп, мәртебесін асқақтатып жүрген ұстаздар қауымының еңбегі зор. Ересектерге қазақ тілін оқытатын  ұстаздардың басын қосқан Ахмет Байтұрсынұлы атындағы “Үздік оқытушы” облыстық байқауы биыл да жаңа рәуіште жалғасын тапты.

    Қазақ тілінің көсегесін көгертіп жүрген жандар Қонаев қаласында өткен бәсекеде бақ сынап, білімі мен білігін паш етті. Өңіріміздегі оқыту орталықтары қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін шыңдау, инновациялық әдістемелер мен заманауи технологияларды қолданудағы тәжірибесін тарату, сондай-ақ тіл үйрету жолындағы табанды еңбекті бағалау мақсатында ұйымдастырылған сайысқа облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен облыстық “Тіл” оқу-әдістемелік орталығы мұрындық болды. Биылғы байқауға облыс аумағынан үздік деп танылған 10 үміткер қатысты.

    Салтанатты жиынның шымылдығын ашқан  облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Данияр Ахметов тілді оқыту – тек пән үйрету емес, ұлттың болашағын қалыптастырумен тең жауапты іс екенін атап өтті. Ол өз сөзінде: «Қазақ тілін ересектерге үйрету – күрделі де қадірлі миссия. Бұл ретте заманауи құралдарды тиімді пайдалана білетін ұстаздардың орны бөлек. Бүгінгі байқау – сондай мамандардың бәсекесі”, – деп қатысушыларға сәттілік тіледі.

    Кіл мықтыдан кім мықтыны анықтау үшін үміткерлер үш кезеңнен тұратын байқау шартымен танысты. Алғашқы кезеңде қатысушылар “Қазақ тілі сабағында заманауи технологияларды тиімді пайдалану” тақырыбында презентациясын ұсынды. Бұл бөлімде Canva, Quizlet, Padlet, Kahoot, Flipped learning сынды сандық платформаларды қолдана отырып, B2 деңгейіндегі тыңдаушыға арналған инновациялық сабақ үлгілері таныстырылды. Білім сайысында оқытушылардың жаңашыл көзқарасы мен әдістемелік ізденісі айқын байқалды. Үміткерлер екінші кезең бойынша  әдістемелік ұяшықтар арқылы өз білімдерін ортаға салды. Олар берілген тапсырмаларға сәйкес сабақ түрлеріне анықтама беріп, қолданатын әдістердің тиімді тұстарын тарқатып айтып берді. Мұнда ұстаздардың теориялық білімі мен әдістемелік сауаттылығы сынға түсті. Үшінші кезеңде нағыз тәжірибеге кезек келді. Сынама топқа арнап дайындалған сабақта қатысушылар тыңдалым, оқылым, жазылым және айтылым дағдыларын қамтитын тапсырмалар арқылы 10 минут ішінде қазақ тілін үйретудің үздік үлгісін көрсетті. Шеберлік пен кәсіби ұстаздық көрініс тапқан бөлім нағыз мамандарды анықтады.

    Байқау қорытындысы бойынша Еңбекшіқазақ ауданынан келген оқытушы Данияр Өтепбергенов өзгеден озық шығып, бас жүлдені иеленді.  Технологиялық шешімдері мен тыңдаушылармен жүргізген шынайы тілдік коммуникациясы көпшіліктің көңілінен шыққан жеңімпазға 300 мың теңге ақшалай сыйлық пен  республикалық байқауға жолдама берілді. Шелек ауылдық округінің оқытушысы Айжан Сыздықова байқаудың I орын иегері атанып, 250 мың теңгелік сертификатпен марапатталды. Оның сабақ беру стилі, әдістемелік бірізділігі мен кәсіби мәдениеті әділқазылар тарапынан жоғары бағаланды. Райымбек ауданының оқытушысы Жасталап Оразхан II орыннан көрініп, 200 мың теңгелік сертификатты қанжығасына байлады. Ал Қарасай ауданынан қатысқан Іңкәр Манапхан III орын иегері атанып, 150 мың теңгелік сертификат иеленді. Сонымен қатар байқауда белсенділік танытып, жоғары деңгейде өнер көрсеткен бірқатар қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары табысталды. Атап айтқанда, Жанар Пачанова, Аяулым Қожағұлова, Нәзерке Әбдімәлік сынды үміткерлерге 80 мың теңгелік сертификаттар ұсынылды. Бұл – олардың еңбегі мен талпынысына берілген әділ баға болды.

    Бүгінгі таңда облыстық “Тіл” оқу-әдістемелік орталығы мен оның қалалық, аудандық филиалдарында жалпы 1740 тыңдаушы білім алуда. Оның ішінде 1366 адам – қазақ тілін, 314-і – ағылшын тілін, 60 тыңдаушы орыс тілін меңгеруде. Бұл курстар 18 жастан асқан барлық тұрғынға тегін ұсынылады. Яғни, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге арналған жүйелі жұмыс өз нәтижесін беруде.

    Ахмет Байтұрсынұлы атындағы “Үздік оқытушы” байқауы тілді оқыту ісіне серпін беріп қана қоймай, оқытушының кәсіби дамуына, жаңашыл көзқарасына жол ашатын бірегей алаң. Мұнда тек бәсеке емес, шабыт бар. Тек сын емес, серпіліс бар. Білімге құштар, тіліне адал ұстаздар барда – қазақ тілінің де болашағы баянды болмақ.

    Құралбек Сәбитов

    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Алматы облысы әкімдігінде кадрлық ауыс-түйіс болды

    Алматы облысы әкімдігінде кадрлық ауыс-түйіс болды

    5 months ago
    ҚҚС: Уақыт сынын еңсеретін қадам

    ҚҚС: Уақыт сынын еңсеретін қадам

    4 months ago
    Қазақ журналистикасының мойнында халық тағдыры тұр

    Қазақ журналистикасының мойнында халық тағдыры тұр

    6 months ago
    Агроөнеркәсіптік кешенге АЭС сияқты сенімді энергия қажет

    Агроөнеркәсіптік кешенге АЭС сияқты сенімді энергия қажет

    9 months ago
    МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

    МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

    11 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.