⛅
21°C
Қонаев
Сәрсенбі, Сәуір 22, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Балабақшадағы думанды күн

    22.04.2026
    in Барлық жаңалықтар, Мереке
    Балабақшадағы думанды күн
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Қарасай ауданы Іргелі ауылдық округіне қарасты тоғыз жолдың торабындағы «Асыл арман» ықшамауданындағы «Асыл-Айым» балабақшасында салтанатты жағдайда Наурыз мейрамы аталып өтті. Айтулы мерекеге аталған балабақша ұжымы мен ата-аналар жағы ұтымды ұйымшылдықпен және жұдырықтай жұмылып, бір кісідей бірліктерімен ерекше дайындық жасапты.

    Атап айтқанда, балабақшаның кіреберісінен жанарды жаулап алатындай әсем безендіріліпті. Мерекеге байланысты тігілген киіз үйлердің де көріктілігі мен көзді арбап алатындығы анық көрініп тұрды. Олардың іші ата-бабамыздан бері келе жатқан ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, салт-сана тұрғысынан өзгеше өрнек тауыпты. Ең аяғы ұсақ-түйек саналатын нәрселердің өзі Наурыз талаптарына сай жасақталған. Осынау іс-шараға арнайы шақырылған қонақтармен қатар ауыл тұрғындарына дейін қалмай қатысып, базарлы да ажарлы күнді аса қуанышты жағдайда өткізді деуге толық негіз бар. Олай дейтініміз, балауса балғындарға ұлтымыздың тарапынан көрсетілетін бесікке бөлеу, тұсауын кесу, асық ату, жыр мен терме айту, ұлттық киімдерді кигізу, тағы да басқа көптеген көріністі көрсету адам жанын баурап аларлықтай болды. Балабақша тәрбиесіндегі бүлдіршіндердің өте тәрбиелі екендігі олардың жаңадан бүршік атып тұрған өнерлерінен де анық көрінді.
    Айтулы күндегі балабақша ұжымы мен ата-аналар бірлесіп, 200 келідей салмақ тартатын, Алматының апортындай «Бауырсақ жаймасын» пісіріпті. Дәмі тіл үйірер бауырсақты жемеген адам жоқ шығар?! Сол сияқты көпшілікке берілген наурызкөженің дәмін де жиналғандар риза көңілмен айтып жатты. Бұл ақ ниетті адамдардың ағынан ақтарылып берген бағасы еді.
    Сол күні Іргелі ауылдық ардагерлер ұйымының «Дархан-Дария» ансамблі тамаша өнерін көпшілікке тарту етті. Олардың арасынан Қалиахмет Көшкімбаев, Болатбек Абдазимов, Тәжмұрат Салыбайұлы, Қален Мұсабаев, Болат Әбішев, Райса Сығаева, Әсел Дүйсебаева, Салтанат Әбдиева, Гүлнар Байсалбаевалардың сан қырлы өнеріне көрермен қауым қошеметпен қол соғып, лайықты құрмет көрсетті. Олардың орындаған хоры да көпшілікке ән салдырып жіберді. Сондай-ақ балабақша бүлдіршіндерінің тәтті өнерлері де тамсандырып тастады. Осындай ұлттық мерекемізді асқан ұтымдылықпен ұйымдастырған балабақша құрылтайшысы Индира Үсенбекованың, балабақша меңгерушілері Перизат Байымбетова, Әйгерім Исенбаевалардың және көптеген ата-ананың ересен еңбектеріне жиналған ел-жұрт ақ ниетті алғыстарын айтып, асқан көтеріңкі-көңіл күймен тарқасты. Аудан көлемінде мұндай Наурыз рәсімдері әлі де жалғасын тауып жатыр.

    Қанат ТӘКЕБАЕВ
    Іргелі ауылы,
    Қарасай ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Зейнетақы саласындағы ынтымақтастық
    22.04.2026
    Жастар орталығы ашылды
    22.04.2026
    Ел алдындағы есеп
    22.04.2026
    Глава государства подчеркнул недопустимость избирательного подхода в экологических вопросах
    22.04.2026
    Президент призвал к последовательному соблюдению норм Устава ООН
    22.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>