Жамбыл аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен Қарғалы ауылындағы «Baqsy» балалардың білім беру-сауықтыру орталығында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында “Zhastarmen” профилактикалық іс-шарасы өтті.
Аталған шараның негізгі мақсаты – жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық тәртіп қағидаттарын кеңінен насихаттау.
Кездесу барысында жастарға заң талаптарын сақтау, құқықтық жауапкершілік және қоғамдағы тәртіптің маңыздылығы түсіндірілді. Осындай маңызды шаралар жас буынның құқықтық санасын қалыптастырып, жауапкершілігін арттыруға өз үлесін қосады.
Серік САТЫБАЛДИЕВ
Жамбыл ауданы
