⛅
26°C
Қонаев
Бейсенбі, Сәуір 30, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Басты құндылық

    30.04.2026
    in Барлық жаңалықтар, Мереке
    Басты құндылық
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Қазақстан халқының Бірлігі күні – татулық пен келісімнің, өзара құрмет пен сыйластықтың айрықша мерекесі. Бұл күн – бір шаңырақ астында өмір сүріп, достықты дәріптеп, ортақ құндылықтарды насихаттап, бір мақсат, бір мүдде жолында еңбек етіп келе жатқан түрлі этнос өкілдерінің жарасымды ынтымағының айқын көрінісі. Бірлік – біздің мемлекеттің ең басты құндылықтарының бірі. Ел игілігі үшін бір отбасындай еңбек етіп, татулықта ғұмыр кешіп жатқан Алматы облысының жұртшылығы береке-бірлікке бастайтын, ел бірлігін айғақтайтын осынау мерекені кең көлемде тойлайды.

    Алматы облысы – түрлі мәдениеттер мен дәстүрлер тоғысқан өңір. Мұнда әр азаматтың өзара құрмет пен түсіністікке негізделген өмір салты қалыптасқан. Облыста түрлі этнос өкілдерінің мәдениеті мен дәстүріне құрметпен қарау, олардың өзара түсіністігі мен ынтымақтастығын дамыту бағытында жүзеге асырылып жатқан жүйелі жұмыстар өңірде өзара сенімді арттырып, бейбітшілік пен келісімді сақтауға негіз болуда.
    Облыс көлемінде заңды түрде тіркелген 30-дан астам этномәдени орталық жұмыс істейді. Олар өздерінің ғана емес, мемлекеттік тіл мен қазақ халқының мәдениетін, салт-дәстүрін де этнос өкілдеріне үйретіп, насихаттауда. Этномәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар мен жастар қозғалыстары бірлесіп, бірлік пен ынтымақты дәріптейтін түрлі жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыруда. Мұндай бастамалар халықтың бір-біріне деген құрметін арттырып, ортақ құндылықтарды нығайтуға ықпал ететіні сөзсіз. Этнос өкілдері ең көп шоғырланған аудандарда этномедиация бойынша ауқымды жұмыс атқарылуда. Аналар кеңесі «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасын облыс көлемінде толыққанды жүзеге асыруда. Ақсақалдар кеңесі қоғамдағы келісім мен бірлікті сақтауға, жастарды елжандылық пен адамгершілікке тәрбиелеуге өз үлесін қосуда. Осындай татулықтың арқасында өңіріміз тұрақты дамып, әлеуметтік-экономикалық жетістіктерге қол жеткізіп отыр.
    Еліміздің қарқынды дамып келе жатқаны қоғамдағы ынтымақ пен тұрақтылықтың арқасы. Осы орайда облыстық ішкі саясат басқармасына қарасты Қоғамдық келісім және даму орталығы өңірде тұрақтылықты қамтамасыз етуде этномәдени бірлестіктер және азаматтық қоғамның басқа да институттарын белсенділікке тартумен айналысуда. Сонымен бірге құрылымдардың жұмысын жүйелеп, түрлі этностардың іс-шараларын өткізуге жағдай жасайды. Этномәдени бірлестіктердің қатарынан спикерлер пулын қалыптастырып, БАҚ, сайттар мен әлеуметтік желілерге тұрақты мониторинг жасап, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Қазіргі уақытта 9 ауданда мекеменің бөлімдері жұмыс істейді. Қоғамдық келісім және даму орталығы алдағы уақытта да өңірдегі этносара­лық татулықтың темірқазығы болып қала бермек.
    Қазіргідей жаһандану дәуірінде ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, ортақ құндылықтарды дәріптеу – басты міндеттердің бірі. Бірлік – тек мерекелік ұран емес, ол – күнделікті өмірде көрініс табатын іс-әрекет, өзара құрмет пен қолдаудың айқын белгісі. Осы айтулы мереке күні баршаңызды татулық пен келісімді көздің қарашығындай сақтауға шақырамын. Еліміздің бірлігі бекем, болашағы жарқын болсын!

    Елбосын АБАЙ,
    Алматы облыстық қоғамдық келісім және даму орталығының басшысы

    Соңғы жаңалықтар

    Үздік түлектерге – мемлекеттік қызметке жаңа мүмкіндік
    30.04.2026
    QOSTANAI TECH Қостанай облысының цифрлық трансформация көшбасшыларының бірі ретіндегі мәртебесін растады
    30.04.2026
    Қазақша әріп таныған
    30.04.2026
    Этнос басылымдары
    30.04.2026
    Тіл саясатының тиімді бағыттары қандай?
    30.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>