Маскүнемдік – адамның денсаулығына ғана емес, отбасы берекесіне, қоғамдық тәртіпке және қоғамның тұрақты дамуына кері әсер ететін өзекті мәселелердің бірі. Алкогольді шамадан тыс тұтыну түрлі құқық бұзушылықтарға, жол-көлік оқиғаларына, тұрмыстық жанжалдарға және еңбек өнімділігінің төмендеуіне себеп болуы мүмкін.
Осыған байланысты Алатау қаласында салауатты өмір салтын насихаттау, құқық бұзушылықтың алдын алу және тұрғындардың денсаулығын нығайту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қалада жастар арасында түсіндіру кездесулері, спорттық және мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып, тұрғындарға зиянды әдеттердің салдары туралы ақпараттық жұмыстар тұрақты түрде өткізілуде.
Әсіресе жас ұрпақтың санасына салауатты өмір салтын қалыптастыру – басты міндеттердің бірі. Спортпен шұғылдану, бос уақытты тиімді өткізу, қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысу – маскүнемдіктің алдын алудың ең тиімді жолдарының бірі.
Әрбір азамат өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, отбасы құндылықтарын сақтап, қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті нығайтуға үлес қосуы қажет. Дені сау ұлт – мемлекеттің ең басты байлығы.
Алатау қаласының тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға, зиянды әдеттерден бас тартуға және қауіпсіз, мәдениетті қоғам қалыптастыруға шақырамыз.


