Перейти к содержимому
Главная страница » Оқу-жаттығу өткізілді

Оқу-жаттығу өткізілді

         Жамбыл ауданында заң мен тәртіпке бағыну қағидасы тұрақты түрде күн тәртібінде тұрған мәселелердің қатарында. Әсіресе бұл жұмыс аудан орталығы Ұзынағаш ауылында басты назарға алынған. Жуырда терроризмге қарсы күрес жөніндегі аудандық жедел штаб осында оқу-жаттығу өткізді.

         Ұзынағаш ауылының аумағында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізу кезеңінде кейбір шектеу шаралары көзделді. Аталған елдімекен  ішінде көлік құралдарының қозғалысы ішінара шектеліп, қажетті қауіпсіздік шаралары жасалды. Оқу-жаттығу өткізілетіндігі туралы Ұзынағаш ауылының тұрғындары алдын ала хабарланып, олардан сабырлық сақтау және түсіністікпен қарау ескертілген болатын. Осыған байланысты қажетті қауіпсіздік шаралары сақталып, оқу-жаттығуға тартылған құқық қорғау органдарының заңды талаптары орындалды.

         Еске сала кетерлік жайт, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (ҚР ӘҚБтК) 443-бабына сәйкес, мұндай кезде, яғни қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Серік САТЫБАЛДИЕВ

Жамбыл ауданы