Алатау қаласында Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидасын кеңінен насихаттау мақсатында мазмұнды кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, құқық қорғау саласының қызметкерлері, қоғам белсенділері мен жастар қатысып, қоғамдағы заң үстемдігін қамтамасыз ету, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері жан-жақты талқыланды.
Кездесу барысында заң талаптарын сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті екені айтылып, қоғамдық тәртіпті нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және жастар арасында құқықтық тәрбиені күшейту бағытындағы жұмыстарға ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар қатысушылар ашық пікір алмасып, өз ұсыныстары мен ой-пікірлерін ортаға салды. Мұндай кездесулер азаматтардың құқықтық санасын арттыруға, қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға және заңға құрмет мәдениетін қалыптастыруға өз үлесін қосатыны атап өтілді.
Заңға құрмет – әділетті қоғамның берік негізі. Алатау қаласында бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады.
