Еңбекшіқазақ аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен «Заң мен Тәртіп» идеологемасын іске асыру аясында «Тау жаңашар» балалар сауықтыру лагерінде «Zhastarmen» профилактикалық іс-шарасы өтті.
Іс-шараға аудан прокуратурасының қызметкерлерімен қатар аудандық Полиция басқармасының ювеналдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері, Төтенше жағдайлар бөлімінің және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің мамандары қатысты. Сондай-ақ лагерьде демалып жатқан 200-ден астам бала қамтылды.
Кездесудің негізгі мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауатфн арттыру, заңға құрмет сезімін қалыптастыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жазғы демалыс кезеңінде қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін нығайту болды.
Іс-шара барысында балаларға Қазақстан Республикасы заңнамасының негізгі талаптары, құқықтық тәртіп қағидаттары, құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары, қоғамдық орындардағы, су айдындарындағы қауіпсіздік және өрт қауіпсіздігі ережелері, сондай-ақ жеке және қоғамдық қауіпсіздікті сақтау талаптары жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар балалар жарақатының алдын алу, санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтау және заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу соңында қатысушылардың сұрақтарына жан-жақты жауаптар беріліп, заң талаптарын сақтау мен қауіпсіздік қағидаларын ұстанудың маңызы туралы айтылды.
Еңбекшіқазақ аудандық прокуратурасы жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін арттыруға, заңдылықты нығайтуға және қауіпсіз балалық шақты қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастырады.
Еңбекшіқазақ аудандық прокуратурасының баспасөз қызметі


