«Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында Балқаш ауданы әкімінің аппарат басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Ғалымжан Оразбаевтың төрағалығымен мемлекеттік қызметшілермен кездесу өтті.
Жиынның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениетін арттыру, қызметтік әдеп қағидаттарын сақтау және мемлекеттік қызметтің қоғам алдындағы жауапкершілігін күшейту.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау, азаматқа бағдарланған қызмет көрсету мәдениетін қалыптастыру, азаматтардың өтініштері мен шағымдарын сапалы әрі уақтылы қарау, бюрократиялық кедергілердің алдын алу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің беделі мен халықтың сенімін арттыру мәселелері кеңінен талқыланды.
Әдеп жөніндегі уәкіл өз сөзінде мемлекеттік қызметші әрдайым заң талаптарын басшылыққа алып, қызметтік міндетін адал әрі жауапкершілікпен атқаруы қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық, ашықтық, әділдік және кәсібилік қағидаттарын ұстану – мемлекеттік қызметтің негізгі талаптарының бірі екеніне тоқталды.
Жиын қорытындысында мемлекеттік қызметшінің жоғары кәсібилігі мен әдепті мінез-құлқы халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың маңызды кепілі екені айтылды.
Алтынай СЕЙІТКЕН
Балқаш ауданы


