«Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында Алматы облысы Іле ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері демалушылар мен балықшылар арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында азаматтарға табиғат аясында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, отты абайлап пайдалану, сондай-ақ су айдындарындағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері түсіндірілді. Мамандар жабдықталмаған орындарда суға түсуге болмайтынын ескертіп, демалыс кезінде жеке қауіпсіздік талаптарын сақтаудың маңыздылығына тоқталды.
Сонымен қатар, демалушыларға ақпараттық жадынамалар таратылып, төтенше жағдайлардың алдын алу және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қауіпсіздік талаптарын сақтау – әр азаматтың жауапкершілігі. «Заң мен тәртіп» қағидатын ұстану қоғамдық қауіпсіздікті нығайтып, жазатайым оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік береді.


