Перейти к содержимому
Главная страница » «Заң мен тәртіп» қағидаты жастарға түсіндірілді

«Заң мен тәртіп» қағидаты жастарға түсіндірілді

Жамбыл ауданында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында жоспарлы алдын алу жұмыстары жүргізіледі. Бұл – жасөспірімдер арасында заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыруға, құқықтық сауаттылықты арттыруға және өз әрекеті үшін жауапкершілікті түсіндіруге бағытталған.
Кезекті шара барысында жасөспірімдер арасында профилактикалық әңгімелер өткізіліп, білім беру ұйымдары мен әлеуметтік қызметкерлермен және құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылды. Атап айтқанда, оған аудандық прокуратура, полиция, аудан әкімдігі, білім бөлімі, Отбасын қолдау орталығы қызметкерлері қатысты. Ерекше назар қауіп тобына жататын балаларға, сондай-ақ жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру мәселелеріне аударылды.
Кездесу барысында құқықбұзушылықтың салдары, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы түсіндіріліп, қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңыздылығы атап өтілді. Жасөспірімдерге қажетті кеңес беріліп, әлеуметтік қолдау көрсетілді. Шараны ұйымдастырушылар тұрғындарды бұл мәселеге бейжай қарамай, проблемалық жағдайлар туралы тиісті органдарға хабарлауға және өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуге белсенді қатысуға шақырды. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Серік САТЫБАЛДИЕВ
Жамбыл ауданы