Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Ат үстінен сайлау учаскесіне: Ақши көкпаршылары сайлауда таңдау жасады

Ат үстінен сайлау учаскесіне: Ақши көкпаршылары сайлауда таңдау жасады

35 қаралым

Іле ауданы Күрті ауылдық округіне қарасты Ақши ауылының көкпар командасы сайлау күні ерекше белсенділік танытты. Райымбек Бөлегенов бастаған ауылдың шабандоздары Құрылтай депутаттарының сайлауына ұлттық нақыштағы киіммен келіп, дауыс берді. Өнерлерімен елге танылған азаматтар дәстүр мен ұлттық болмысты күнделікті өмірде де дәріптеу маңызды екенін жеткізді. Учаскеде бір саптан табылған көкпаршылар бұл қадамы арқылы сайлаушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.