Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Аудан бойынша 30-ға жуық шағын автобус тегін қызмет көрсетуде

Аудан бойынша 30-ға жуық шағын автобус тегін қызмет көрсетуде

25 қаралым

Құрылтай депутаттарының сайлауы күні аудан тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында сайлау учаскелеріне қатынайтын тегін көлік қызметі ұйымдастырылды.

Қазіргі есеп бойынша аудан көлемінде 30-ға жуық шағын автобус қызмет көрсетуде. Көліктер, әсіресе, елді мекендердің шеткері аумақтарында тұратын және сайлау учаскелеріне өздігінен жетуі қиын тұрғындарға көмек көрсетуде.

Соның ішінде Өтеген батыр ауылында екі «Спринтер» шағын автобусы тұрғындарды ақысыз тасымалдап, ауыл аумағындағы сайлау учаскелеріне қатынауда.

Тұрғындардың қажеттілігі мен сұранысына қарай осындай шағын автобустардың саны әлі де арттырылатын болады. Қосымша көліктер ауданның әр аумағында іске қосылып, тұрғындардың сайлау учаскелеріне қатынауына жағдай жасалады.

Көлік қызметі тұрғындар үшін толығымен тегін жүзеге асырылуда.

Іле ауданы