Алатау қаласы №379 Жетіген ықшамауданында сайлау учаскесінде бокс бойынша әлем және Қазақстан чемпионы, спорт шебері Регина Тебенова Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып, өз азаматтық таңдауын жасады.
Ел намысын халықаралық және республикалық додаларда абыроймен қорғап жүрген чемпион үшін бұл күн – тек сайлау науқанының бір кезеңі емес, ел болашағына деген азаматтық жауапкершілікті сезінудің маңызды сәті.
Спортта әрбір жеңіс үлкен еңбекті, тәртіпті, табандылықты және алға қойған мақсатқа деген сенімді талап етеді. Меніңше, бұл қасиеттер азаматтық өмірде де аса маңызды. Елдің дамуына әр адам өз орнында үлес қоса алады. Ал сайлауға қатысып, өз таңдауын жасау – сол үлестің бір көрінісі.
Құрылтай депутаттарын сайлау – мемлекетіміздің алдағы бағытына қатысты маңызды мәселелерге өз көзқарасымызды білдіруге мүмкіндік беретін жауапты кезең. Сондықтан әр азамат өз таңдауына бейжай қарамай, сайлау учаскесіне келіп, азаматтық белсенділігін танытқаны дұрыс. Әсіресе жастардың ел өміріне белсенді араласуы маңызды деп санаймын.
Мен жастарды өз болашағына бейжай қарамауға, қоғам өміріне белсенді араласуға және әрбір мүмкіндікті ел игілігіне пайдалануға шақырамын. Біз спортта жеңіске бірге ұмтылсақ, елдің болашағын қалыптастыруда да бірлігіміз бен ортақ жауапкершілігіміз маңызды. Әр дауыс – жеке адамның таңдауы болғанымен, оның мәні – елдің ортақ болашағында», Мен сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауды жасадым – қоғамның әр саласының өкілдері үшін азаматтық белсенділіктің маңызын айқындайтын тарихи күннің куәсі болдық.
Спортта көк туымызды көкке көтеріп, ел мерейін үстем етіп жүрген Регина Тебенованың бұл қадамы – жеңіс тек спорт алаңында ғана емес, азаматтық жауапкершілікте де көрінетінін көрсетеді.
Елдің болашағы – әрқайсымыздың бүгінгі таңдауымыздан басталады.