Перейти к содержимому

Ел ағасы елімен бірге!

30 қаралым

Райымбек ауданында Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы ұйымдасқан түрде өтіп жатыр. Аудан тұрғындары сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасауда.

Сайлауға қатысқандардың қатарында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасының «Құрметті жаттықтырушысы», Алматы облысының және Райымбек ауданының «Құрметті азаматы» Бірбаев Бекболат та бар.

Елдің қоғамдық және спорттық өміріне ұзақ жылдар бойы белсене араласқан ел ағасы Нарынқол ауылындағы №763 сайлау учаскесіне келіп, өз дауысын берді.

Бекболат Бірбаевтың айтуынша, ел болашағына қатысты маңызды мәселелерде әр азаматтың азаматтық ұстанымын білдіруі – үлкен жауапкершілік.

«Сайлау – азаматтың өз таңдауын жасап, елдің ертеңіне деген көзқарасын білдіретін маңызды сәт. Жастарымыздың ел өміріне белсенді араласып, өз болашағына жауапкершілікпен қарауы маңызды», – деді Б. Бірбаев.

Өмір жолын ел спорты мен қоғамдық қызметке арнаған ардагердің сайлауға қатысуы – азаматтық белсенділіктің жақсы үлгісі. Оның елге сіңірген еңбегі мен қоғамдық ұстанымы кейінгі буынға өнеге болып келеді.