Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Ғасыр жасаған ананың жарқын үлгісі

Ғасыр жасаған ананың жарқын үлгісі

36 қаралым

Ғасырдан астам ғұмыр кешіп, елмен бірге талай тарихи кезеңді өткерген 104 жастағы қарт ана Раушан Нұрахынова бүгін Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысып, өзінің азаматтық таңдауын жасады. Раушан Нұрахынова – ел тарихының талай белесін көрген, бірнеше буынның тәрбиесін берген ақ жаулықты абыз ана. Жасы жүзден асқан абыз ана Райымбек ауданы Сарыбастау ауылындағы №781 сайлау учаскесіне келіп, дауыс беріп, ел болашағына бейжай қарамайтынын білдірді. Рау­шан әже – бірнеше ұрпаққа ақылын айтып, батасын берген, елдің өткені мен бүгінін сабақтастырып отырған ақ жаулықты абыз ана. Оның өмір жолы – ел тарихымен бірге өрілген тағылымды ғұмыр. Қарт ананың сайлау учаскесіне келіп, дауыс беруі – «Ел тағдырына әр азаматтың таңдауы маңызды» деген ұлағатты ұғымның жарқын көрінісі.
Сайлаудан кейін ақ жаулықты ана жүрекжарды тілегін білдіріп, елдің амандығы мен халықтың бірлігіне, ұрпақтың болашағына ақ батасын берді.