Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Қалалық мәслихат депутаттары – ортақ азаматтық ұстанымда

Қалалық мәслихат депутаттары – ортақ азаматтық ұстанымда

63 қаралым

№379 сайлау учаскесінде мәслихат депутаттары Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысты.
Алатау қаласы мәслихатының төрағасы Роза Михаилқызының бастамасымен қалалық мәслихаттың барлық депутаттары №379 сайлау учаскесіне келіп, Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысты.
Өкілді орган мүшелерінің сайлау учаскесіне ұжым болып келіп, өз азаматтық таңдауларын жасауы – елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласудың және азаматтық жауапкершіліктің айқын көрінісі. Әр депутат өз таңдауын заң талаптарына сәйкес дербес әрі құпия түрде жүзеге асырды.
Роза Михаилқызының бастамасымен ұйымдастырылған бұл қатысу, ең алдымен сайлаудың қоғам өміріндегі маңызын айқындауға, азаматтардың өз конституциялық құқығын жүзеге асыруына және ел болашағына қатысты ортақ жауапкершілікті сезінуге бағытталды.
Роза Абилова: Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысуы – азаматтық белсенділіктің ғана емес, қоғамдық институттардың өзара сабақтастығы мен ел басқару ісіне жауапкершілікпен қараудың да маңызды үлгісі.
Сайлау учаскесінде дауыс беру рәсімі белгіленген талаптарға сай ұйымдастырылып, әр азаматтың таңдау жасауына барлық жағдай жасалған. Мәслихат депутаттарының белсенді қатысуы да сайлау процесінің маңызын айқындап, тұрғындарды өз азаматтық құқығын пайдалануға үндейтін мәнді қадам болды.
Сайлау – жай ғана дауыс беру рәсімі емес. Бұл – әр азаматтың ел болашағына деген көзқарасын білдіріп, өз таңдауын жасау арқылы қоғамдық дамуға үлес қосатын жауапты сәт. Ал ортақ мақсатқа жұмылған азаматтық ұстаным – ел бірлігі мен тұрақты дамудың берік негізі.

Өнер – ел рухын біріктіретін күш.