Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / «Қауіпсіз туризм» жобасы аясындағы жұмыстар жүйелі

«Қауіпсіз туризм» жобасы аясындағы жұмыстар жүйелі

24 қаралым

Соңғы жылдары Кереге таулы Кеген өңірі шетелдік азаматтар үшін туристік бағыт ретінде үлкен қызығушылық тудыруда. Осыған байланысты аудан прокуратурасының қызметкерлері туристердің елімізде жайлы әрі қауіпсіз демалуын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды күшейтіп, олардың ақпараттық қолжетімділігіне ерекше мән беруде.

Аудан прокуратурасының бастамасымен аудан аумағындағы туристер көп шоғырланатын «Көлсай көлдері» мен «Қайыңды» көлі аумақтарында «Қауіпсіз туризм» жобасы аясында профилактикалық іс-шаралар жүргізілді.

Іс-шара барысында туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу, табиғат аясында демалу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтардың профилактикасы бойынша түсіндіру жұмыстары өткізілді.

– Басым бағыттардың бірі – құқықбұзушылықтардың алдын алу және туристерді мүліктік, экологиялық, өрт қауіпсіздігі мен жеке қауіпсіздік ережелері туралы хабардар ету. Сондай-ақ, қонақүйлермен бірлесе отырып, шетелдік қонақтарға өзекті ақпаратты уақтылы жеткізу шараларын жүзеге асыруда, – дейді Кеген ауданы прокуратурасының аға прокуроры Абай Темірғалиұлы.

Сонымен қатар, демалушыларға қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, ақпараттық жадынамалар таратылды.

Туристік нысандардың әкімшіліктерімен және жауапты мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп қауіпсіздік талаптарының сақталуына зерделеу жүргізіліп, анықталған кемшіліктер бойынша тиісті ұсынымдар берілді.

Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

Кеген ауданы