Перейти к содержимому
Главная страница » Қауіпсіздік талаптары сақталуы тиіс

Қауіпсіздік талаптары сақталуы тиіс

Қауіпсіздік мәселесі тек төтенше жағдай немесе қылмыс орын алған кезде ғана еске түсетін ұғым болмауы керек. Оның негізі күнделікті сақтық пен жауапкершіліктен қаланады.
Азаматтың өз үйінде, жұмыс орнында, көшеде немесе қоғамдық орында қауіпсіздік талаптарын білуі маңызды. Қарапайым ережені орындау кейде үлкен қауіптің алдын алады. Мәселен, электр құрылғыларын қараусыз қалдырмау, бейтаныс адамға есік ашпау, күмәнді жағдайға уақытында назар аудару сияқты қарапайым әрекеттердің өзі қауіпсіздік мәдениетінің көрінісі. Сонымен қатар азаматтар төтенше немесе күмәнді жағдайды байқаса, оны елемей өтпеуі қажет. Дер кезінде хабарланған ақпарат тиісті қызметтердің жылдам әрекет етуіне мүмкіндік береді.
Қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарау – қорқынышпен өмір сүру емес. Керісінше, кез келген жағдайға дайын болып, дұрыс шешім қабылдай білу.

Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ