Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Олжас Сақ Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берді

Олжас Сақ Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берді

35 қаралым

Танымал қазақстандық актер Олжас Сақ Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады. Өнер иесі Іле ауданындағы №1062 сайлау учаскесіне келіп, азаматтық борышын орындады.
Театр және кино саласындағы рөлдері арқылы көрерменге кеңінен танылған актер сайлау учаскесінде өз таңдауын жасау маңызды екенін атап өтті.
«Бүгін мен де ел азаматы ретінде өз таңдауымды жасадым. Қоғамдағы маңызды өзгерістерге бейжай қарамай, әр азамат өзіне берілген мүмкіндікті пайдалануы керек деп ойлаймын. Елдің ертеңі – бәрімізге ортақ. Сондықтан бүгін №1062 сайлау учаскесіне келіп, дауысымды бердім», – деді Олжас Сақ.
Актердің айтуынша, ел өміріндегі маңызды қоғамдық үдерістерге әр азаматтың белсенді қатысуы маңызды. Оның сайлауға қатысуы азаматтық жауапкершіліктің бір көрінісі болды.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ